//

Гуманитарлық көмекпен келген дәрінің сатылымға шыққаны рас па?

4292 рет қаралды

Кешелі бері әлеуметтік желіде еліміздегі дәріханаларға гуманитарлық көмек ретінде Катардан келген тауардың түскені туралы ақпарат тарады. Бұл, әрине, ел ішінде дәрі іздеп ары-бері сабылған жұрттың наразылығын тудырды. Гуманитарлық көмекпен келген дәрі-дәрмек ауруханаларға жетпей, сатылымға шығып кетті дегенге сенген жұрт бұл ақпаратты сан-саққа жүгіртті. Мінбер кз осы мәселеге байланысты «СҚ-Фармация» ЖШС-не хабарласып мән жайды білген еді.

Онда дәрі-дәрмек болған жоқ

Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен гуманитарлық көмекті бөлу бойынша бірыңғай оператор болып белгілен «СҚ-Фармация» ЖШС-і төтенше жағдай кезінде елімізге келген гуманитарлық көмекті қабылдап, Денсаулық сақтау министрлігінің келісімі бойынша өңірлер арасында біркелкі бөле отырып, рұқсат қағазын қалыптастырады және қайырымдылықтан түсетін тауарларды тасымалдауды қамтамасыз еткен.

Алайда, 2020 жылдың 11 мамырында төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты гуманитарлық көмекті бөлу жөніндегі оператордың қызметі де тоқтаған.

Ал Катардан жіберілген гуманитарлық көмек Қазақстанға 2020 жылдың 21 мамырында келген болатын. Бұл кезде «СҚ Фармация» ЖШС өз қызметін тоқтатқан еді. Оның үстіне, Катардан келген медициналық бұйымдарға ілеспе құжаттар, сондай-ақ медициналық бұйымдарды бір жолғы әкелуге рұқсатты ресімдеу үшін қажетті тауардың сапасын растайтын құжаттар – міндетті рұқсат беру құжаты ұсынылмаған, онсыз елде медициналық бұйымдарды қолдануға рұқсат етілмейді.

Медициналық бұйымдарды бір жолғы әкелуге рұқсат 2020 жылдың 25 маусымында алынды, ал 2020 жылдың 4 шілдесінде ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «СК-Фармация» ЖШС гуманитарлық көмек алу бойынша оператор болып қайта белгіленді.

Гуманитарлық көмек ретінде алынған барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін медициналық бұйымдар өңірлер арасында біркелкі бөлінді. Қазіргі уақытта олар Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында және денсаулық сақтау басқармаларына жөнелтуге дайын. Сақтау қоймалары бейнежазба жүйесімен жабдықталған, қабылдау кезінде медициналық ұйымдар алынған тауарды қатаң тексеріп, жүкқұжаттармен салыстырады, жауапты тұлғалар қабылдау-тапсыру актілеріне қол қояды.

Бюрократияның кесірінен гуманитарлық көмек 50 күн жатып қалған

«СҚ-Фармация» ЖШС- нің баспасөз қызметінің бізге берген жауабы осындай. Сонда елімізге мамырда келген көмек тиісті орынға шілдеде жететін болыпты. Баспасөз қызметінің жауабынан аңғарғанымыз оған кедергі серіктестіктің жұмысын тоқтатқаны, одан ол серіктестікті Денсаулық министрлігінің қайта оператор етіп белгілеуі, Катардан келген тауардың ілеспе құжатының болмауы екен.

Ел ішінде қажетті дәрі-дәрмек пен құрал жетіспей жатқан уақытта біздің атқарушы органдар осындай бюрократиямен жағдайды одан сайын ушықтырып отырған сыңайлы.

Әйтпесе, гуманитарлық көмекті қабылдайтын жеке оператор белгілемей сол міндетті Денсаулық министрлігінің бір бөлімі атқара берсе болмас па еді?..

Сұрақ көп, жауап аз?!.

Ең қызығы, Каатардан келген көмектің ішінде дәрі-дәрмек жоқ тек медициналық құралдар мен қорғаныс киімдері ғана бар екен. Оның тізімін «СҚ-Фармация» ЖШС-і қоса көрсетіпті.

 

Қазақстан Катардан алған гуманитарлық көмек аясында мынадай мөлшерде медициналық бұйымдар түсті:

– 22 мың бір реттік қорғанышмаскалары;

– N95 медициналық қорғану маскасы 67 000дана мөлшерінде;

– 175x95mm бір реттік маскалар 74 000 дана мөлшерінде;

– 17.5cm x 9.5cm хирургиялық маскалар 20 000дана мөлшерінде;

– N95 медициналық қорғану маскасы2 500дана мөлшерінде;

– LONNY медициналық қорғану маскасы39 825дана мөлшерінде;

– 17.5cm x 9.5cm қорғаныш санитарлық маскалар 119 918дана мөлшерінде;

– Бет маскалары 17.5×9.5cm 96 000дана мөлшерінде;

Бір реттік қорғанышбет маскалары3 900дана мөлшерінде;

– Пластикалық маскалар 9 350дана мөлшерінде;

– 330x220mm пластикалық маскалар 2 880дана мөлшерінде;

– 175(L) арнайы костюм 560дана мөлшерінде;

– 185cm (XXL) қорғаныш костюмі 40дана мөлшерінде;

– Медициналық қорғаныш костюмі (170, 175, 180 cm бір реттік қолдануға арналған) 2 760дана мөлшерінде;

– (L) хирургиялық костюмі 32 600дана мөлшерінде;

– OBAOLAY қорғаныш көзілдіріктері 29 990дана мөлшерінде.

Барлық алынған гуманитарлық көмекті бөлу қоса беріледі.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар