//

Алексей Цой Аида Букаеваның талабына не деп жауап берді? ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ нәтижеге жеткізе ме?

4701 рет қаралды

11 шілде күні Facebook әлеуметтік желі қолданушысы Аида Букаева өзінің жеке парақшасына волонтер ретінде видео жариялады. ҚР Денсаулық сақтау министріне қарата айтылған  видео мәтінінде волонтерлер «Министр мырза, егер сізге дәріханалар мен провизорлық стационарларда қажетті дәрі-дәрмек жеткілікті деген мәлімет берсе сенбеңіз. Өйткені біз ауруханада жатқан науқастардың туыстарының әкелген заттарын палатаға дейін апарамыз және бізде өте коп видеоматериал бар. Егер сіз нақты шара қолданбасаңыз, біздің елге гуманитарлық көмектің көп келіп жатқанын көрсетіп, халықтың ашу ызасын туғызбаңыз, ол дәрілер тиісті жерге жеткен жоқ. Егер сіз тез арада бір шара қолданбасаңыз, біз аурухана бөлімшілерінде түсірілген видеоларды жариялай бастаймыз. Дәріханалардағы ұзын-сонар кезектің себебі, стационарда дәрі-дәрмектің жетпеуінен туындап отыр, дегенді айтқан үш волонтердің видеосында бұдан өзге де маңызды ақпараттар айтылды.

2600 адам ұнату бастырмасын басып, 7 мың адам бөліскен видеоға бірінші назар аударған адамның бірі ДСМ Алексей Цой, әріптестер, байланыс номерлеріңізді қалдырыңыздар мәселені шешеміз деп жазған.

Осы видеоны бөліскенде Аида Букаева, видеоны өшіріп таста деп қорқытпауды, ауру жұқтырасың деп сақтандырмауды сұрап «қырылып жатқан шалдардың тырнағына тұрмаймын» деп дөп кескен.

Арада екі сағат өткенде Аида ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қарата пост жазып, мемлекет басшысынан жеке уатсап номерін беруді сұрады. Ұсақ-түйекпен мазаламайтынын айтып, тек анық ақпаратты уатсабыңызға жіберем дейді.

Бұдан соң волонтер, Денсаулық сақтау министрінің комментариін скриншоттап, одан бері бірнеше сағат өткенін әлі еш хабар жоқ екенін жазады.

Бес сағат ішінде 7 мың адам бөліскен видеоның мән жайын білу үшін біз Денсаулық сақтау министрінің баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріпке хабарласып, бұл видео жөнінде пікір айтуды сұрадық.

Баспасөз хатшы мәселенің анық-қанығын біліп жатқанын айтып, жауапты қысқа қайырды.

Түс ауа кешкі сағат 17.00-ге таман Денсаулық сақтау министрі өзінің ФБ парақшасына жауап жазды.

Жауапта министр мырзаның Аида Букаевамен сөйлескенін, ендігі жерде медициналық орындардағы жағдайға бейтарап қарап, нақты ақпарат беретін адамдардан тұратын  ХАЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ құрылатынын жазды.

Аида ханым өз кезегінде Алексей Цойға ол мәліметтерді БАҚ та жариялау керек екенін айтыпты. Мұны құп алған Денсаулық сақтау министрі Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен келісіп мәселені ол министрлік те қолдайтынын жазды.

Алексей мырза орыс тілінде жазған жауабын қазір қоғам жағдайды тұрақтандыру үшін жұмыла бастады, бұдан біз көп үміт күтеміз деп аяқтаған.

Ақпарат өте көп заманда жұрттан ақпаратты тек анық болғанда ғана бөлісіңіздер деп айту қиын. Әсіресе, Covid-19 үдеп, жұрт дәрі-таппай сабылып, жекелеген тұлғалар шетелден емге қажет құралдарды өздері әкелуге кірісіп жатқан қиын шақта мұндай ақпаратты тоқтату мүмкін емес. Оған мына видеоны 5 сағат ішінде 7 мың адамның бөліскені анық дәлел болады.

Қалай болғанда да көптің көкейінде Аиданың қолындағы видеоларды көруге деген қызығушылық артпаса сейілмейтіні белгілі.

Қоғамның белсенді өкілі ретінде Аида тиісті орындарға өз талабын нақты, тіпті қолымдағы видеоны жариялаймын деген қорқыту нышанымен жеткізді. Бұл Қазақстан қоғамының Сovid -19 кезіндегі бір сипаты. Мұндай талаптың нәтижесі бола ма, болмай ма уақыт көрсетеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар