///

Дәрігерлердің еңбегі қалай бағаланып жатыр?

3704 рет қаралды
фото: www.coronavirus2020.kz
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 13 шілдедегі №370 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасына сіңірген аса зор еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлық жұмысы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі Олег Николаевич Исаевқа және «Ақтөбе облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері Қалихан Есбосынұлы Қозбағаровқа берілді. Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбуктағы парақшасында бөлісті. Екеуі де коронавирус инфекциясынан көз жұмған.
Осы  уақытқа дейін ресми емес дерек бойынша, коронавирус инфекциясы мен өкпе пневмониясын 2000-ға жуық дәрігер, медицина қызметкері жұқтырған.
Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетованың мәліметі бойынша  Қазақстанда 511 медицина қызметкері емделіп жатыр. Оның 492-сінде пневмонияның ауыр түрі. Covid-19 эпидемиясынан 18 медицина қызметкері қайтыс болған. Барлығы коронавирус жұқтырғандарды емдеу барысында індетке шалдығып, ақыры құрбан болған.
Әлеуметтік желідегі наразылықтарды тыңдап отырсақ, Қазақстанның індетпен күресіп жүрген дәрігерлер уәде етілген  2 миллион теңгені ала алмаған.
Журналист Мақсат Толықбай медицина қызметкерлерінен жеке парақшасынан көмек сұрап хат келетінін айтады. Көбі алуға тиісті көмекке қол жеткізе алмай жатқанын айтады, бірақ ашық айтудан қорқады дейді ол.
Наурыз, Сәуір айларында Қазақстан дәрігерлеріне төленетін қосымша ақы туралы әңгіме өте көп көтерілген. Сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 20  мың медицина қызметкерінің қосымша ақыға қол жеткізгендігін айтқан.
Медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлеу үшін 36 миллиард теңге бөлінген.

Медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов егер пандемия жалғаса беретін болса, қосымша ақы төлеуді тоқтатуы мүмкін екендігін де айтқан. Өйткені 36 миллиард теңге тым ұзаққа жетпейді. Сәуірде өтемақыға қол жеткізген дәрігерлердің саны Наурыз айымен салыстырғанда екі есеге артық болған. Яғни 17,7 мыңнан 42,6 мың адамға жеткен.

Жер жерде дәрігерлердің наразылығы күшейіп бара жатқандығы да жасырын емес. Мәселен, жақында Алматы облысының дәрігерлері наразылық акциясын өткізіп, дәрігерлердің қазіргі жағдайы адам қызығарлық емес екендігін жеткізген.

Талдықорғанда дәрігерлер наразылық акциясына шықты.

Опубликовано Кайратом Абдрахманом Среда, 8 июля 2020 г.

Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланған кездің өзінде-ақ еліміздің түкпір-түкпіріндегі дәрігерлер дабыл қағып, жағдайларының мәз емес екенін айтқан еді. Кейін ол дәрігерлердің де аузын жабуға күш салған билік өкілдері болды. Қазір де біраз дәрігерге хабарласып, комментарий беруін өтіндік. Көбі бас тартты.
Дегенмен, дәрігерлерді тірісінде бағалап, тірісінде айлығын көтеру керек еді, енді бақилық болып кеткеннен кейінгі орденнің, атақтың оларға қажеті қанша деген пікірлерді көп оқыдық. Біз де сол пікірге қосыла отырып, коронавируспен күрес барысында қаза болған әрбір медицина қызметкерінің аруағына бас иеміз. Жандарыңыз бейіште шалқысын.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар