//

Бір ИВЛ (өкпені жасанды желдету) аппараты 26 миллион теңге ($63,000)

5691 рет қаралды
26 миллионға бағаланған savina-300 осы

Павлодар қалалық №1 ауруханасы Шілденің 13-інде  3 ИВЛ аппаратын сатып алу үшін “Диагаль” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шартқа отырды. Келісім шарттың құны – 78 миллион теңге. Яғни бір аппаратты 26 миллион теңгеге сатып алуға келісіп отыр. Келісім шарттың техникалық ерекшелігінде сатып алынатын аппарат Германияда өндірілген Savina 300 деп аталады.

“Диагаль” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік сатып алулар порталында 2016 жылдан бастап тіркелген. 2014 жылдан бастап салық төлейді. 98 миллион теңгенің салығын төлеген. Жетекшісі – Қажибаев Бахтияр Амангелдинович. Тіркелген орны Нұр-Сұлтан қаласы.

Аталған аппараттың қара базардағы құны Қазақстанда 7,5 миллион теңгеден, Ресей нарығында 1,4 миллион рубльден басталады.

Шілденің 9-ында Семей жедел медициналық жәрдем станциясы өкпені жасанды желдету аппаратының 25данасын 15,5 миллионға сатып алуға “Тыныс” Акционерлік қоғамымен келісім шартқа отырған. Бір аппараттың құны – 620 мың теңге. Бұл жердегі техникалық ерекшелікте қандай марканың, қайда өндірілген аппарат алу қажеттілігі айтылмаған.

Екі сатып алудағы ерекшелік Павлодар қалалық №1 ауруханасы бір сатып алушымен келісім шартқа отырса, Семей қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы баға ұсынысын сұратқан.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар