Үрiмжi “Назгу” автостанциясы. Алматы-Үрiмжi-Алматы бағытына қатынайтын
автобустар да осы жерден жүреді. Қыстың күні, жолаушылар сирейтін мезгіл. Топырлаған
топтың шетiнде тапжылмай бір қыз тұрды. Үскіріктен ығатын түрі жоқ. Қақаған аязда,
қара суықта жалаңбас жүре беретiн қытай әдетiн ұстанған. Бас киімсіз. Қой көздi қоңыр
жүздi. Сол қызға назарым ауды. Сонымды сездіме, таяп келді. Қыбырдан секемденетiн
елiктiң лағындай екен, менi тiнте қарап алды. Түр-түсін ішіп-жегім келіп бара жатса да
сұқтана қоймадым. Ол өзі ашыла бастады.
–Алматыдансыз ғой?
–Иә.
– Менің де Алматыға барғым келіп еді… Мен сізді бағанадан бақылап тұрмын.
Қазақстансыз ғой.
–Қазақстаннанмын… Алматыданмын дедім ғой…
–Әлгiндегi «құжаттағы мөрі күшсiз» деп жатқан адам менмін.
–А-а-а
– Туыстарым Бейжiнге дейiн барып, бiр жыл сарпалдаңға түсіп жүріп әрең дегенде рұхсат алған едi, ендi мiне жүргелi тұрғанда тағы бiрдеңесi болмай қалыпты. – Сөзiнiң соңы әзер естiлiп, иегiнен дiрiл бiлiндi. Көз шарасын жас торлап, жүзiндегi мұң қоюлана түстi. «Оны несін маған сөз қып тұр екен?».
– Алматыға алғаш барғалы тұр екенсiз ғой?
–Бармайтын болдым! – Қыз жанарын жарқ еткiзiп көтердi де, дидары жылып, күлiмсiрген
көзiнде үмiт ұшқыны көрiндi.
– Әке-шешем Шуда тұрады. Шақыру жiберген. Бір емес, неше қайтара келдi сол шақыру.
Паспорт алғаннан берi тоқтай алсамшы. – Ол күлдi де, iле-шала “сағындым” деп
кiрпiктерiн қағып едi, жасы моншақтап кеттi.
–Құдай қаласа, ертең осы мөлшерде Алматыда тұрамыз,– дедiм. Жас қыз жас жуған кiрпiктерiн жыпықтата қарады.
–Жібергілері келмеді-ау деймін… Сіздер бақыттысыздар. Жылап қойдым, жыламаймын деп өзіме ант берген едiм…Сіз Қазақстан болған соң өзімсініп…
Ақсудан көшерде, “оқуыңды жалғастыра бер, аман болсақ, кешiкпей табысармыз,
ағайын-туыстар арасында қала тұр, бiз орналасып алайық” дескен екен әке-шеше. Ендi
ойласа, бекер ажыраған, араласпақ түгiлi, айында-жылында көрiсу мұң болыпты ай-күннің
аманында.
Автобус қозғалды. Қарамыз үзiлгенше, қаршадай қыз қалшиған күйi қадалып қарап
тұрды.
«Қарағым–ай!».
Б.Бәмішұлы
Қарағым-ай
Соңғы жазбалар
Цифрландыру Қазақстанның ең мықты тұстарының бірі болып саналады. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз жаһандық рейтингтерде тұрақты түрде
Фото: zakon.kz/sport Көп ұзамай 2024 жыл аяқталады. Жаңа жыл қарсаңында көп адам өткен жылға көз жүгіртіп,
ЖҮЗМЫҢ БАСПАТАБАҚТАН ЖҮЗ БАСПАТАБАҚ Сәлем саған, Алтайым! Тентегің сонша сағынды. Жоғалып кеткен бір тайың, Тарландап барып
МАҒАЗ РАЗДАНҰЛЫ ХАҚЫНДА (100 жылдық тойына сауғат) Жә, Мағаз Разданұлы хақында көп сөз айтып, көпірудің, артық
Кеше көлік министрі Марат Қарабаев әуе апатынан қазақстандықтардың ешқайсысы аман қалмағанын растады. Бүгін Ақтаудағы ұшақ апатынан
Кеше, 25 желтоқсан күні, Ақтау қаласының маңында “Баку-Грозный” бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Ностальгия: Грек тілінен аударғанда nostos – үйге оралу + algos – азап, дерт, толық мәнін сағыныш,
Биылғы жылдың елеулі саяси оқиғаларының бірі 6 қазанда өткен республикалық референдум. Референдум өткізуге себеп болған қазақ
Желтоқсан ортасында конференция лига аясында елордалық «Астана» футбол клубы «өз алаңында» дәлірек айтсақ, Алматыдағы орталық стадионда
Алғашқы инвестиция үшін көп ақша болмаса да, Интернет ақша табудың көптеген мүмкіндіктерін ұсынады. Заманауи әлемде сіз