//

Талдықорған дәрігерлері жұмысқа шығудан неге бас тартып жатыр? Денсаулық сақтау басқармасының басшысы неге үнсіз?

5187 рет қаралды

23 шілде күні Талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова ФБ парақшасында Денсаулық Сақтау министрін белгілеп:

Сәуле Кусмолданова

«Alexey Tsoy оставьте нам нашего главврача!!!!!

Руководитель управления здравоохранения Алматинской области Бауыржан Ыскак ты виноват в смерти людей и ты должен подать в отставку, а не Сауле КусмолдановаПочему женщина должна отвечать за твои ошибки? Говорят, теперь ты своего одноклассника из Шымкента на её место хочешь назначить!

Все, кого вылечила Сауле напишите под постом свою фамилию!!!!» деген пост жазды. Біз бұл постты оқыған соң Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарласып, мән-жайды білгіміз келіп еді. Хатшы Ләйлім Әубәкірова біраздан соң ресми жауап болатынын айтты.

Арада біраз уақыт өткенде облыста танымал Талдыкорганец парақшасын жүргізуші Қайрат Абдрахман

«Бауыржан Ербозымович, руководитель Управления здравоохранения Алматинской области!

Правда, что Вы хотите уволить директора многопрофильной больницы Талдыкоргана и поставить за место неё своего одноклассника из Шымкента, это правда?», – деп Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысына сауал жолдады.

Бұл екі сауалдан соң, тіпті бүгін ресми орындардан ешқандай ресми жауап берілген жоқ.

Ал бүгін malim.kz сайты Талдықорғандағы көп салалы аурухана қызметкерлерінің жаппай жұмыстан  кетпекші деп жазды. Олар Сәуле Құсмолданованың жұмыстан кетуіне наразы.

Бір қызығы осы ақпараттан кейін де облыстың ресми орындары ешқандай ақпарат берген жоқ.

Қала тұрғыны Евгений Прищенко Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың  постының астына  «Лучше помогите нашей многопрофильной Талдыкоргана. Весь коллектив собрался увольняться из за желания хозяина обл.здрава уволить главного врача. Помогите! Вмешайтесь! Коней на переправе не меняют. Пусть пройдет пандемия потрм разберемся… Помогите!», – деп пікір қалдырды.

Қала тұрғындары алдыңғы екі постқа да Бас дәрігердің кетпеуін сұрап көп пікір жазды. Алайда, осынша шу болып жатса да Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ербозымұлы ел алдына шығып еш жауап берген жоқ.

Осы ақпаратты дайындап отырғанда  біз биресми ақпарат көздерінен Бас дәрігерлікке басқа адамның тағайындалып жатқанын естідік…

Ал  Талдыкорганец парақшасы тұрғындар арасында Денсаулық сақтау басқармасының басшысы орнынан кетсін бе, деген сауалнама жүргізіп жатыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар