//

Денсаулық сақтау басқармалары: салауатты өмір салтын насихаттауға 940 миллион теңге жұмсалған

4770 рет қаралды
фото: www.almaty.tv

www.minber.kz сайты мемлекеттік сатып алулар порталына талдау жасауды жалғастырады. Бұл жолы Денсаулық сақтау басқармаларының салауатты өмір салтын насихаттауға жұмсаған қаржысын сарапқа салмақпыз.

Жақында Денсаулық сақтау министрлігінің PR мақсатында $2,5 млн доллар, Т65 млннан астам теңгені салауатты өмір салтын насихаттауға жұмсамақ болғаны мәлім болған еді. Бұрынғы Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева Денсаулық сақтау министрлігінің PR үшін Т700 млндай теңгені жұмсағанын мәлімдеген болатын. Сонымен Денсаулық басқармалары салауатты өмір салтын насихаттау үшін қанша қаржы жұмсады?

Мемлекеттік сатып алулар порталында он облыстың салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасаған келісім шартын таптық. Пандемия кезінде облыстық Денсаулық сақтау басқармалары ұсынған бұл қызметтердің көбі тұрғындар арасында салауатты өмір салты туралы үгіт-насихат жүргізу, суицидтің алдын алу, қыз балаларды ерте жүктіліктен сақтандыру, СПИД-тің алдын алу секілді ақпараттарды, буклеттер мен баннерлерді дайындау жұмыстары, аймақтық және республикалық деңгейде конференциялар ұйымдастыру да көзделген. Тіпті кейбір өңірде жастарды ерікті болуға үгіттеу үшін жеңіп алған лоттар бар екен. Мәселен, Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы Салауатты өмір салтын дамыту бойынша волонтерлік қызметті дамыту тақырыбында конкурс ойнатқан. Конкурстың техникалық ерекшелігі бойынша, Алматы облысының 17 ауданы, үш қаласында «СӨС еріктісі бол» деген іс шаралар ұйымдастырып, үздік еріктілерді анықтау үшін конкурс өткізу көзделген. Бұл шараға 2,6 миллион теңге жұмсалған.

Салауатты өмір салтын насихаттауға жиыны Денсаулық сақтау басқармалары 940 миллион теңгенің келісім шартын жасаған. Ең үлкен соманы Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы жұмсап отыр. Олар “Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығы” Медициналық мекемесімен 141 миллион теңгенің келісім щартын жасаған. Қызметтің атауы –  Конференцияларды/семинарларды/форумдарды/конкурстарды/корпоративтік/спорттық/мәд ени/мерекелік және ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу бойынша қызметтер. Келесі орында Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары. Олардың әрқайсысы – 134.5 миллион теңгені осы мақсатта жұмсауды көздеген.

Ақтөбе облысының «Арасан Ақтөбе» ЖШС-і 107 миллион теңгеге салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат етсе, Жамбыл облысында мұндай миссияны «Зер күміс» ЖШС өз мойнына алған. Олар 96 миллион теңгенің келісім шартын жасаған.

Ақмола, Атырау облыстары 71 миллион теңгеге халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, халықты жаман әдеттерден сақтандыруға күш жұмсауды жөн санаса, Қызылорда 65,5 миллион, Павлодар 62 миллион теңгеге салауатты өмірді насихаттамақ. Ал, Солтүстік Қазақстан облысы 55 миллион теңгені місе тұтыпты.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар