//

Еліне қайта алмаған оқушылар үшін тіркеу қиындық туғызып жатыр

4562 рет қаралды
фото: www.city04.kz

Карантинге байланысты мемлекет шекараларын жауып, салдарынан Қазақстанда білім алып жүрген студенттер өз еліне қайта алмағаны жайлы жазған болатынбыз. Қатаң режим еңгізілгеннен бері тек студенттер емес, еліне оралмаған оқушылар да барын білдік.

Сол оқушының бірі Өскемен қаласы, Ұлан ауданы, Гагарин ауылының 8-сынып оқушысы. Қазақстанда қалып қойған оқушылар қайтадан тіркелу үшін көптеген қиындықтарға тап болған.

Біздің кейіпкеріміз осы жылы 9-сыныпқа көшуі қажет. Қазіргі таңда әпкесі мен жездесінің үйінде тұрады:

– Бір ай бұрын қайтадан тіркелу үшін қандай құжат қажет деп көші-қон полициясына бардым. Сол кезде мектепте оқып жатқанымды растайтын анықтама керек екенін айтты. Ал кеше ғана көші-қон полициясынан қоңырау шалды. Карантин 17 тамыз аяқталады, сол мерзімге дейін ұлтымның қазақ екенін растайтын құжат тапсыру қажет, тапсырмаған жағдайда әкімшілік жауапқа тартамыз деді.

Кейіпкеріміздің әпкесі бүгін Алматының консулынан анықтама сұрап барыпты. Қызметкерлер құжаттың түпнұсқасы қажет екенін айтқан:

– Өскемен мен Алматы  бір айдан астам уақыт карантинге жабық. Ешқандай транспорт жүрмейді.  Сонда ол құжатты алғызудың қандай мүмкіндігі бар? – дейді кейіпкеріміздің әпкесі.

Отандастар қоры бұл мәселені қарастырып жатыр. Қордың Өскемен қаласындағы жауапты қызметкері Әскерхан Ақтайұлы тамыздың 17-сі кейіпкерімізді бір айлық визаға тіркейтінін, кейін ықтиярхат немесе бір жылдық виза алуына көмектесетінін хабарлады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар