Журналистиканың негізгі функциясы – ақпарат жеткізу. Алайда, осы ақпарат оқырман үшін түсінікті болу үшін оны жеткізудің негізгі ережелерін білген жөн. Жедел ақпараттық хабарламаны журналистика тілінде жаңалық деп атайды. Осы жаңалықты жеткізудің екі принципі бар: қатаң — негізгі ақпараттан екінші дәрежелік ақпаратқа өту және жұмсақ — қызықты фактілерді айтып өту.
Төмендегі сұрақтар қатаң жаңалықтың көмекшілері:
• Не болды?
• Қайда болды?
• Қашан болды?
• Осы оқиғаның қатысушылары кім?
• Бұл қалай өтті?
• Бұған не себеп болды?
• Осы оқиға нені білдіреді?
Егер де сіз осы сұрақтарға жауап бере алсаңыз, жаңалық дайын деп есептеуге болады. Жаңалықты үш сөйлемнің ішіне енгізуге тырысыңыз.
Бірінші жол (“Top Line”)
Материалдың бірінші жолы жаңалығыңызды оқырманға «ұтымды сатып» тұру қажет. Ол қысқа да, екпінді болуы керек.
Оқырман сіздің жаңалығыңызды толық түсініп, осы ақпарат жайында көбірек білу үшін әрі қарай оқимын деген құлшыныста болуы қажет.
Жергілікті мен мемлекеттік, халықаралық жаңалықтардың “Top Line-ында” тұрғын мекен, қала, облыс аты көрсетілуі тиіс.
Мысалы: Қарағанды облысында тоғыз адамның өмірін қиған ірі жол апаты болды.
Жаңалықтың қалған мәтіні
Жаңалық логикалық көзқараспен құрылуы керек: басы, ортасы және соңы. Сіз ертегіні айтып отырсыз. Сол себепті, “Top Line” аудиторияның назарын бірден жаулап алуы тиіс, ал екінші жолда осы жаңалықты толықтыратын қосымша детальдар жазылады.
Мысалы: Балқаш қаласынан 60 шақырым жерде TOYOTA PREVIA көлігінің аударылуы салдарынан Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей тұрғындары оқиға орнында жан тапсырды.
Және ең соңында жаңалықты аяқтап тұратын жол жазылады. Бұнда қорытынды және (немесе) оқиғаның салдарын айтып өтуге болады.
Мысалы: Полицейлердің алдын ала болжамынша, техногенді апат көліктің оң жақ артқы доңғалағының жарылуы салдарынан болуы мүмкін. Көлікте жолаушы тасымалдау ережесінің бұзылуы да – жорамалдардың бірі.
Жазғаныңызды оқып шығыңыз. Бірақ ең соңғы сөйлемді тастап кетіңіз. Осы жаңалықты бұрын естімесеңіз де ақпараттың мәнісін түсінуші едіңіз бе? Материалдың соңғы екі сөйлемін тастап кетіп, тағы оқып шығыңыз. Сонда да бәрі түсінікті ме? Егер де ос сұрақтың екеуіне де «Иә» деп жауап берсеңіз, жаңалықты жақсы жазған боларсыз.
Парақшамызға жазылыңыз
мен палеантологияда үлкен жаңалық аштым. Шамамен 150-200 миллион жылбұрын Қазақстан теңіз астында болған. Оған дәлел мен қазығұрт тауында жүргенде ұлу бақалшақтарын таптым! Оны зерттеу барысында ұлудың аты устрица болып шықты. бұл бақалшақтар керемет сақталған. Қазір мен бұл жайлы ғылыми жұмыс жазудамын. Палеантолог болғым келеді.Қазақстан паелантологиясының атын шығарғым келеді,
Мен меккедегі әл-харам мешітінің макетін жасадым.Шағын толық жасалған. САТЫЛАДЫ! суретін ммс арқылы жіберемін. керемет қолөнер туындысы. бағасы келісім бойынша. Дәрібек Бекарыс телефон ном:87079685186