///

Білім күніне дайындық: Білім басқармалары техниканы қалай сатып алуда? (жалғасы)

3849 рет қаралды
1

www.minber.kz сайты өңірлердегі Білім басқармаларының білім күніне дайындық мақсатында сатып алып жатқан техникаларын сарапқа салуды жалғастырады. Мәліметтердің барлығы мемлекеттік сатып алулар порталынан алынып отырғандықтан, мәліметтер өзгеріп отыр. Мәселен, өткен аптада Алматы облысының Білім басқармасының осы мақсатта 5,4 миллиард теңге жұмсағанын және 24583 ноутбук сатып алуды жоспарлағанын жазған едік. Осы аптада аталған білім басқармасы тағы да 20 мың ноутбукке тапсырыс берген. Бір ноутбуктың бағасы – 158 мың теңге. Өнім беруші – “Best Buy 01” ЖШС. Сөйтіп, Алматы облысы 44583 ноутбукке тапсырыс берген. Тиісінше, бөлінген қаржы 8,5 миллиард теңгеге жетіп отыр.

Техникаларды сатып алу жағынан Алматы облысынан кейін Түркістан облысы көш бастап тұр. Түркістан облысы Білім басқармасының осы мақсатта жұмсаған қаржысы – 8,4 миллиард теңге.

Өңірлердің техниканы сатып алу үшін жұмсаған қаржысына назар аударып көрелік:

Өткен аптада қаржы жұмсау жағынан 7,1  миллиард теңгенің тапсырысын берген Алматы қаласы көш бастаса, осы аптада Алматы және Түркістан облыстары алға шықты. Салыстыру үшін өткен аптадағы жұмсалған қаржыны да еске алайық:

Ал өңірлер қанша техника сатып алуды жоспарлап отыр?

Сөйтіп ноутбук сатып алудан Алматы  (44583) және Түркістан (43523) облыстары көш бастап тұрса, үшінші орында Алматы (40372) қаласы тұр. 25 мың ноутбукті сатып алуды жоспарлаған Нұр-Сұлтан каласы келесі орында тұрса, Павлодар (12119) және Батыс Қазақстан  (11394) облыстары тізімнің соңында тұр.

Ал 7,5  мың компьютер сатып алуды жоспарлаған Алматы облысы мен Шымкент қаласы алға шықса, планшеттерге Түркістан және Алматы облыстары ең көп тапсырыс берген.

Өнім берушілер кім?

Білім беру басқармаларының техниканы сатып алуын сарапқа сала отырып, осы саладағы бірнеше ірі өнім берушіні анықтадық.

“Best Buy 01” ЖШС ең ірі өнім беруші ретінде анықталып отыр. Бұл компания білім басқармаларына 4.2 миллиард теңгенің техникасын сатып әперуге келісім шарт жасаған. Бұл компания бұған дейін де 2 миллиард теңгенің келісім шартын жасаған болатын.

Ал техникалардың бағасын сарапқа салсақ әр өңір әр техниканы әртүрлі бағамен сатып алуды жоспарлаған. Мәселен, ноутбуктың бағасы 140 мың теңгеден (Павлодар облысы) басталып, 170 мың теңгеге (Нұрсұлтан қаласы) дейін жетеді.  Планшеттер 50 мың (Павлодар) теңгеден басталып, 82 мың теңгеге (Жамбыл, Шымкент) дейін жетеді. Ал, компьютер 159 мың теңгеден (Нұрсұлтан, Шымкент) 190 мың теңгеге (Павлодар, Қызылорда) дейін жеткен.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. […] Minber.kz сайтының жазуынша, мемлекеттік сатып алулар порталында Білім басқармасының білім күніне дайындық ретінде сатып алып жатқан техникалар қатарында 8,5 миллиард теңгемен Алматы облысы көш бастап тұр. Екінші орында 8,4 млрд-пен Түркістан облысы, үшінші орында 7,1 млрд-пен Алматы қаласы орналасқан. […]

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар