//

Оқу жылы басталса да, оған дайын емес отбасылар әлі көп. Солардың бірі редакциямызға мұңын айтқан еді

3313 рет қаралды
фото: Азаттық рухы

Биылғы оқу жылына басты дайындық техникалық құрал-жабдықтардың толық болуы. Мектеп формасы, ыстық тамақ, оқуға қажетті құрал-жабдықтар қашықтан оқытуға байланысты қарастырылмайды. Оқу жылы басталса да әлі күнге дейін білім алуға дайын емес оқушылар көп. Әлеуметтік көмекке мұқтаж көпбалалы ата-аналар балаларының онлайн білім алуы проблеманы бұрынғыдан қоюлатып жібергенін айтады

КИІМ АЛАМЫЗ БА, ПЛАНШЕТ ПЕ? 

Алматы қаласы, Алатау ауданы, Шаңырақ ықшам ауданының тұрғыны, көпбалалы ана Жазира ханым (есімі өзгертіліп берілді) оқу үшін деп бөлінген қаражаттың дұрыс берілмегеніне наразы.

– Алғашқыда мектептің жалпы білім қорына мұқтаж  бала үшін планшет берілетінін хабарлады. Мен екі балама 30 мың теңгеден көмек алдым. Оның  25 мың теңгесіне балаға киім, 5 мың теңгесіне оқуға қажетті құралдар алу қажет деді. Планшеттің қайда екенін сұрағанымда осы ақшаға алуға болады деді. Яғни таңдау берді. Басында планшет беріледі деген болатын.  Енді басқаша айтып жатыр, – дейді көпбалалы ана.

Жазира ханымның 2 баласы Шаңырақ ықшам ауданындағы 26 орта мектепте оқиды. Бір баласы мүгедек, мемлекеттік бағдарламамен оқиды. Біз мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында 26 мектепке хабарласып, директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарымен сөйлестік.

– Мемлекет тарапынан планшет бөлінген жоқ. Ата-аналар дұрыс түсінбеген. Біз қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Әлі қолданылмаған ноутбук, роутер (модем), 30 мың теңге ақшалай бердік. Алайда ол ақшаға не алғаны көрсетіліп, чекті алып келуі қажет. Себебі біз есеп береміз, – деді 26 мектеп директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Сейтманұлы.

Жазира ханым ноутбук берілгендерге роутер, ал роутер берілгендерге ноутбук таратылмайды дейді. Екеуінің бірін береді.

– Мен ноутбук алдым. Бірақ роутерге қолым жетпеді.  Мен балаларымды телефон арқылы WiFi таратып оқытамын. Бір балам бастауыш, екіншісі орта мектепте оқып жатыр. Алғашында ноутбукты 3 бала білім алса ғана береді деген соң алмаған едім. Бірақ өзге 2 баласы білім алып жатқан ананың алғанын естіп, екінші рет бардым. Сол кезде қолыма тиді.

Былтыр Алматы әкімдігі мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауға 260 млн теңге бөлген болатын. Ал, биыл Алматы қаласы әкімдігі мұқтаж отбасыларын қажетті техникамен қамтамасыз ету үшін қалалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөліп, сол қаржыға 40 372 ноутбук сатып алу жоспарланыпты. Ал компьютердің саны – 4016 және 5203 планшет үшін қаражат бөлінген. “Мінбер” сайты бұл туралы бұған дейін жазған болатын. Соған қарамастан, техникаға мұқтаж отбасылардың саны күн санап артып отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар