Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш кәсіпорны министрі болып тағайындалған Бағдат Мусин Қазақстанда қанша интернет провайдер бар екенінен бейхабар екендігін мәлім еткен.
«Интернет сапасын біз толығымен сарапқа салдық және осал тұстарымызды білеміз. Біз тіпті Қазақстанда қанша интернет провайдер бар екенін білмейміз. Әрине, бұл нарықтағы ірі провайдерлерді жақсы білеміз, солардан мәселенің мәнісін талап етеміз, ал олар желіні алып сатумен айналысуда. Нарықтағы шағын провайдерлер үйлерге интернет таратады. Ал олар интернет байланысындағы сапаға жауап беруі үшін, қандай да бір норма болуы керек. Бірақ, өкінішке қарай мұндай норма жоқ», – деді ол.
Депутат Тұрғын Сыздықов:
«Тіпті Көкшетау қаласының өзінде интернеттің жылдамдығы нашар. Сонда интернет байланысын жақсарту, Skype, Zoom секілді платформалардың үнемі қатып қала беруін қалай шешеміз? Бұл проблеманы шешу үшін жасалған қандай да бір отандық бағдарламалар бар ма?» – деп сұрады.
Бұл сауалға жауап берген министр ауылдарға интернет тарту жұмысы қолға алынғандығын айтты.
«Біз қазір интернетті жүргізудің үш-төрт технологиясын пайдаланамыз. Бұл байланыстың волоконды-оптикалық желі, өте қымбат технология, оны әрбір адамға жеткізу мүмкін емес, дегенмен әрбір ауылға жеткіземіз. Ауылдарға мобилді технология арқылы тарататын боламыз. Яғни ұялы телефондар мен ноутбук арқылы пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етпекпіз», – деді Мусин.
Министр Қазақстанда балаларды оқыту мақсатында жеті отандық платформа жасалғандығын, оның екеуі жұмысын бастағандығын айтты.
«Әрине, Skype, Zoom секілді платформалар құру дегеніңіз әлі де айға жаяу сапар шеккенмен бірдей екендігі белгілі. Дегенмен, отандық платформалардың пайда болғаны жақсы болар еді» деді ол.
Парақшамызға жазылыңыз