//

300 қойың болса, миллионер атануың оп оңай

2613 рет қаралды

«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір».  Солайы солай. Алайда, Шопан атадан мұра етіп алған ата кәсіптің айналасындағы проблемалардың түпкілікті шешілер күні алыс секілді.

Қазақстанда жүн өңдейтін жалғыз ғана зауыт бар – «Шымкент-Кашемир» ЖШС. Ол өз өнімдерін Қытай, Италия, Жапония елдеріне экспорттайды. Алайда, Қытай пандемия салдарынан биыл зауыттан өңделген өнімді сатып алудан бас тартқан. Зауыт өз кезегінде шаруалардан алатын жүннің бағасын төмендетуге мәжбүр болыпты.  Салдарынан, жалғыз жүн өңдейтін зауыттың кәсібі тұраламауы үшін, қой шаруашылығымен айналысатын фермерлердің біршамасы жүнін зауытқа тегін өткізген.

Қазақстан қой өсірушілер ұлттық ассоциациясының басшысы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, бұл қой өсіру саласындағы түйіні тарқамаған проблемалардың бірі ғана.   «Капитал» басылымына сұхбат берген Алмасбек Садырбаевтың сөзінше, тері өңдеу саласының ахуалы да тұралап тұр.  Оның дерегінше Қазақстанда тері  өңдеу нарығының көлемі  20 млрд теңге. Шетелдермен шекаралардың жабылуы да бұл нарыққа зор залалын тигізген. Қазақстанда тері өңдейтін төрт зауыт бар. Өнімдерін сыртқа сата алмаған зауыттар шикізаттың сатып алу бағасын да төмендеткен. Салдарынан фермерлер терісін сатудан бас тартқан, ал зауыттар шикізатсыз қалыпты.

Дегенмен, Алмасбек Садырбаев еліміздегі ауыл шаруакшылығының, оның ішінде қой шаруашылығының болашақтағы әлеуеті зор деген баға беріп отыр. Жалпы, сыртқы нарықта сұрпы етінен майы басым қазақстандық қой етінен гөрі,  май қабаты аз, мраморлы авcтралиялық қой етіне деген сұраныс жоғары екен. Дейтұрғанмен, елімізде өндірілетін қой еті органикалық өнім санатында. Сыртқы нарықта сонысымен де бағалы екен.

Sheep in Iowa.

Біріккен Араб Әмірліктері, Иран, Катар, Ресей, өткен жылы тіпті Өзбекстан да Қазақстаннан қой етін сатып алған. Нәтижесінде, 2019 жылы еліміз 3 мың тонна қой етін экспорттапты. Алайда, пандемия салдарынан биыл бұл саладағы экпорт көлемі 300 тоннаның айналасында болмақ.

Қазақстан қой өсірушілер ұлттық ассоциациясының басшысы Түркия қазақстандық қой етіне қызығушылық танытып отырғанын айтады.  Тіпті, түріктер қазақстандық фермелер ұсынған бағамен тауарды сатып алуға дайын екен. Ал, миллиардтар тұратын  көршіміз Қытайдың етке қатысты талаптары өте жоғары екен. Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, Қытайға қой етін экспорттау аса тиімді емес. Өйткені, олардың белгілеген бағасы нарықтан 30 пайызға төмен болуы да ықтимал.

Әзірге, қазақстандық қой өсірушілер ішкі нарықтың сұранысын 102 пайызға қанағаттандырып отыр екен. Алмасбек Садырбаевтың дерегінше, салада қалыптасқан проблемаларға қарамастан, қой шаруашылығы еліміздегі табысы мол саланың бірі.  Егер, Дүниежүзілік банктің рейтингісі бойынша табыстылығы жағынан бірінші орында құс өсіру шаруашылығы болса, Қазақстанда қой шаруашылығын бірінші орынға қоюға болады.

Қазақстанда  100 бас қойы бар адамның табысы болады. Алайда, Алмасбек Садырбаев, 15 млн теңгедей қаражат салып, 300 қой алып баққан адам, үш жыл ішінде бизнеске салған қаржысын толықтай ақтап, пайдаға кенеледі дейді.

Капитал басылымында жарық көрген сұхбат бойынша, аударып, әзірлеген Риза Исаева.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар