//

Қасым ханның мүрдесі болуы мүмкін

2261 рет қаралды

Атырау облысындағы Сарайшық қаласынан ерекше мазар табылды. Оны археологтар Қасым ханның жерленген орны болуы мүмкін деп болжап отыр,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

     Ресейлік ғалым Алексей Алексеев зерттеу жұмысында хан моласын «күмбезді əрі еңселі кесене, 3 жағында терезесі, шығысында есігі бар» деп сипаттаған. Бүгінде, аталған дерекпен ашылып жатқан қабірхананың сұлбасы дәлме-дәл келіп отыр.

     «Соңғы жылдары табылған тарихи деректер де Сарайшықта Қасым ханның жерленгенін толықтай айғақтайды. Ханның жерленген орнын анықтау мақсатындағы экспедициямыз жемісті болды деуге болады. А.Алексеевтің жазбасында айтылған мəліметтер мен қазылып жатқан қабірхананың сəйкестігі 99 пайыз»,- дейді профессор Əбілсейіт Мұхтар. Тарихшы тағы бір сөзінде негізгі жұмыс 2021 жылы басталатындығын айтты. Жоспар бойынша қазба жұмысына алдағы уақытта белгілі антропологтар, археологтар мен этнограф-ғалымдар шақыртылады. Әзірге кесене аумағында дайындық шаралары жүргізілмек.

     Қабірхананы көру үшін облыс əкімі Махамбет Досмұхамбетов тарихи шаһарға арнайы барды. «Археологтарымыз ел жадында жатталған тарихи тұлға Қасым ханның орны табылды деп жорамалдап отыр. Егер зерттеу жұмыстары оны растайтын болса, ұлттық тарих үшін үлкен сілкініс болады деп ойлаймын», – деген аймақ басшысы зертеу жұмысына қажетті қолдау көрсететінін жеткізді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар