Ислам қаржы жүйесі ірі жобаларға арналмақ

853 рет қаралды

islamic-bankӘу баста, елімізде ислам қаржы жүйесі тез арада дамиды деген үміт болған. Алайда соңғы сараптамалар ислам қаржы жүйесінің Қазақстанда дамуы сәл кешеуілдейді деген болжамдар бар. Дағдарысқа дейін Ислам банкингін жеделдетіп енгізу үшін барлық шара қарастырылған еді. Тіпті, едел-жедел арнайы заң да қабылданды. Бірақ сарапшылар ел ішінде біріншіден, орта қалыптасуы керек деген пікірде.

«Ақыл кеңес консалтинг» компаниясының басшысы Дәуіржан Ауғамбайдың пікірінше, ислам банкингі даму үшін үш үдеріс қатар жүруі тиіс. Біріншіден, қазір осы істі бақылаушы компаниялар мен инвесторлардың мәртебесін лайықтайтын құжаттар реттелуі керек. Екіншіден, ислам талаптарына сай келетін қызықты да, сапалы жобалар қажет. Үшіншіден, кәсіпкерлер мен халық арасында ислам қаржы жүйесін түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілуі тиіс.

Келесі жылдан бастап Ислам қаржы жүйесін дамыту қауымдастығы өз жұмысын бастамақ. Қауымдастыққа «Fattah Finance», «Kausar Consulting», Алматы өңірлік қаржы орталығының сақтандыру және инвестициялық компаниялары кірмек.

Қазақстанда исламдық қаржыландыру бірінші кезекте мемлекеттік жобалармен басталмақ. Қазақстанда құрылып жатқан «Әл Хилал» ислам банкі өз жұмысын ірі жобалармен бастайды. Араб банкі өз ақшасын ірі жобаларға құймақ. Алайда, уақыт өте келе «Әл Хилал» шағын және орта бизнес кәсіпкерлеріне де қызмет көрсетуі мүмкін», дейді отандық экономистер.

Асхат ЕРКІМБАЙ

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар