/

Жолдас Өрісбаев: Демократия vs. әділдік

1242 рет қаралды
Танымал америкалық саяси философ, Гарвард профессоры Майкл Сэндел әділдік субъективті принциптердің жиынтығы деп есептейді және кез келген жағдайдағы әділ шешім демократиялық құндылықтармен үнемі үйлеспейді. Қазіргі АҚШ-тағы президент сайлауында да осындай қарама-қарсылық қалыптасты.
Әділдік барлық адам баласына бірдей универсалды ережелері бар және абсолютті ұғым емес. Керісінше, ол ситуативті әрі түрлі жағдайда түрлі шешімді талап етеді.
Ал демократия теориясы да біз ойлағаннан тереңде жатыр және оның да талқылайтын қарсы аргументтері жетерлік. Мысалы, сол демократияның отаны көне грек жерінде әйелдер, құлдар және жат елдіктер дауыс бере алмайтын болған. Аристотельдің өзі Афиныдағы 20 жыл өмірінде бірде бір рет сайлауға қатыспаған. Себебі ол Афиныда туған емес еді, яғни жат жұрттық. Бүгінгі идеологиялық спектруммен қарағанда бұл әділ ме? Жоқ.
АҚШ-та 2000 жылы өткен президент сайлауы қазіргідей тартысты өткен. Ол кезде америкалықтар сайлау нәтижесін 37 күн күтіпті. Соңында АҚШ-тың бас прокуратурасы араласып, Флорида штаты бойынша дауыстарды қайта санауды бекітеді. Оған түрткі болған басты себеп дауыстарды санайтын аппараттар істен шығып, Флориданың кейбір аудандарында дауыстар қолмен саналған. Ол кезде әдеттегідей, республикалықтар дауыс санауды тоқтатуды талап еткен. Ал демократтар барлық дауысты санауды үгіттеген. Қайта санау нәтижесінде республикалық Джордж Буш демократ Альберт Гордан 537 дауысқа көп жинап, АҚШ президенті атанады.
АҚШ-тағы биылғы президент сайлауы да осындай дау алдында тұр. Сондықтан бүгін ертең кімнің кейінгі президент болатынын біле алмайтын сияқтымыз. Трамп және республикалықтар Аризона және Пенсильвания штаттарында дауыс санауды тоқтатып, пошта арқылы келген дауыстарды тек бақылаушылардың алдында ашып, есептеуді талап етіп жатыр. Себебі дауыс санаушылар демократтарға болысып жатыр деп күдіктенеді. Ал Мичиган штатында Трамп әкімшілігі тарапынан дауыс санағын қайта жасауды талап еткен арыз түсті.
Трамп және республикалықтар пошта арқылы сайлау күнінен кейін келген дауыстарды санамауды талап етіп жатыр. Кейбір штаттарда сайлау күнінен кейін жіберілген дауыстарды да санауға рұқсат берілген. Мысалы, Пенсильвания штатының бас прокуроры пошта арқылы дауыс беруді сайлау күнінен жұманың түсіне дейін создырды. Себебі Пошта арқылы дауыс беруді приоритетке санаған демократтар әрбір азаматтың дауысы саналуы тиіс дейді. Сіз қалай ойлайсыз қай шешім әділ және қай шешім демократиялық болып отыр? Демократияның негізгі принципі бойынша, сайлауда әрбір адамның дауысы маңызды. Бірақ егер сайлауға дейін, сайлау күні және сайлау күнінен кейін дауыс беру мүмкін болса, онда сайлау күнін бекітудің маңызы неде? Сосын Сайлау күні қай үміткердің қанша алда екенін біліп, пошта арқылы жетпей тұрған дауысты жеткізу манипуляциясы да болуы мүмкін емес пе?
Майкл Сэнделдің Гарвард студенттеріне оқыған “Әділдік” деп аталатын қоғамдық лекциясын Youtube-та тегін көруге болады. Ағылшын тілінде де, орыс тілінде де бар. Айта кететіні, ол өзі консерватор немесе NeoCon өкілі емес, бірақ либерализмнің сыншысы (яғни солшылдарды сынайтындар үнемі оңшылдар қатарында болмайды). Менің ойымша, ол консерваторларға бүйрегі тартатын центрист. Сондықтан оның лекциясын тыңдаудан бұрын ол жайлы біраз оқып алғандарыңыз жөн. Ең танымал кітаптарына “Justice: What’s the right thing to do?” және Liberalism and the Limits of Justice кіреді. Good Luck!
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар