///

Армения, Азербайжан және Ресей Таулы-Карабах соғысын аяқтау туралы келісімге қол қойды

2555 рет қаралды
Бұл шиеленіс салдарынан 1,000-нан астам адам қазақ тапты [Reuters]

әл-Жазираның ағылшынтілді нұсқасында Армения мен Азербайжан арасындағы соғыстың аяқталғаны туралы мақала жарияланған екен. Сол мақаланы “Мінбер” оқырмандарына аударып, ұсынып отырмыз. 

Мақаланың жарияланған уақыты 10.11.2020

Никол Пашинян Азербайжан мен Ресей президенттерімен бірнеше аптаға созылған  соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойды

Армения, Азербайжан және Ресей Сейсенбі күні алты аптаға созылған Таулы-Карабахтағы қанды қырғынды тоқтату жөніндегі келісімге қол қойды. Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында бұл келіссөзді  «сөзбен сипаттай алмайтын ауыр» оқиға деп бағалаған.

Бұл жазба келіссөзге деген алғашқы қадам болатын, Пашинян аталған келіссөздің сейсенбіде түнгі сағат 1.00-ден ( Дүйсенбі 21:00 GMT) бастап күшіне енетінін мәлімдеген. Алты апталық бұл соғыста 1000-нан астам адам қайтыс болған.

Көп кешікпей Азербайжан мен Кремль Пашинянның мәлімдемесін растады. «Бұл үшжақты келісім аймақтағы шиеленісті (конфликтіні) реттеуде  шешуші қадам болды» деді Азербайжан президенті Ильхам Әлиев Ресей президенті Владимир Путинмен онлайн кездесуінде.

Бұл келісім аталған аймақтағы маңызды әрі анклавтағы екінші ірі қала Шушаны (Армян тілінде Шуши) Азербайжан жауынгерлерінің  басып алғандығы жайында этникалық армяндар мәлімдеме жасағаннан кейін бірнеше сағаттан соң жасалды. Азербайжан, сондай-ақ, Дүйсенбіде тағы ондаған елдімекеннің алынғандығы туралы  мәлімдеген еді.

Таулы-Карабах халықаралық аренада Азербайжан территориясы ретінде мойындалған, алайда тұрғындарының басым көпшілігі Армяндар. [Al Jazeera)
Пашинян бұл жайында «жеке мен және біздің халық үшін сөзбен айтып жеткізудің өзі ауыр» деп бағалайтынын,  алайда  «елдегі әскери жағдайды терең талдай отырып» осы келісімге келуге мәжбүр болғанын айтқан. Өйткені Әзерилер аймақтағы басты қаланың бірі Степанакертке жақындап қалған.

Ол бұл келісімнің «қазіргі тығырықтан шығу үшін ең жақсы шешім» болғанын мәлімдеген.

Бітімгерлер келді

Ал Азербайжан президенті Алиев бұл  «тарихи» қадам деп ойлайды, ол Арменияның бұлай жасамасқа басқа амалы қалмағандығын айтқан, өйткені Азербайжан жауынгерлерінің күші басым және жеңіске бір қадам жақын қалды деп күпінген.

«Бұл келісімнің тарихи маңызы аса зор» деп жазды ол өзінің Twitter  парақшасына. «Бұл Арменияның жеңілгенін білдіреді. Бұл жылдар бойғы оккупацияға нүкте қояды. Бұл біздің тамаша жеңісіміз!» деген ол.

Әл-Жазираның Азербайжанның астанасы Бакудегі қызметкері Осама Бин Жабайдтың айтуынша бұл жаңалықты естіген Азербайжан халқы елдегі шектеулерге қарамастан, көшелерге шығып, тойлауды бастап кеткен. Оның сөзіне қарағанда, келісім бойынша Азербайжан Степанакерттегі әскери іс-қимылдарды аяқтағаннан кейін, Таулы-Карабах аймағының кейбір шеткері аумағы Арменияға қайтарылатын болады.

«Ол территориялардың қайтарылуы қалай жүзеге асатындығы әзірге белгісіз», дейді ол. «Мұнда Ресей бітімгерлері келмек, сондай-ақ, Азери лидерлерінің айтуынша, бұл бітімгерлер осы аумақтағы адамдармен қоян-қолтық өмір сүргісі келеді».

Ресейдің Қорғаныс министрінің айтуы бойынша, алдағы бес жыл бойы бұл өңірде 1,960  солдат бітімгер міндетін атқаратын болады.  Путин бітімгерлер Таулы Карабах майданының шебінде және Армения мен Таулы Карабах дәлізінің арасында орналаспақ деп мәлімдеді.

Әлиев, сондай-ақ, Түркия бітімгерлерінің де келетіндігінен хабар берді.

«Бұл жеңіс емес, дегенмен өзіңді жеңіске жеттім деп есептемейінше, жеңіліс те жоқ» деді Армения президенті Пашинян келіссөз жайында мәлімдей отырып. «Біз жеңілген жоқпыз әрі бұл біздің ұлттық бірлігіміз бен ұлт ретінде жаңғыруымыздың жаңа дәуірі болмақ».

Армения астанасы Еревандағы жағдай аса ауыр. Премьер-министрдің фейсбуктегі жазбасынан кейін 20 минут өтер-өтпестен Ереван халқы көшеге шығып үлгерген. Ұзамай Үкімет үйі мен Парламентті басып алған жұрт Пашиняннан кетуді талап еткен.

«Қалада бей берекетсіздік орнады» дейді Еревандағы журналист Нели Хауер әл-Жазираға: «жұрттың бәрі ызалы. Олар өздерін премьер-министрлері сатып кетті деп есептейді».

Жүздеген адам Парламент үйін басып кіріп, «орныңнан кет» және «шық» деп айғайлауда.

1994 жылғы ірі конфликтіден кейін Таулы-Карабах Азербайжанның иелігіне өткенімен, этникалық армяндардың бақылауында болатын.

Таулы-Карабахтағы соңғы алты аптадағы жанқиярлық соғыста қаза тапқан солдаттар мен бейбіт тұрғындардың қабірі [Vahram Baghdasaryan/Photolure via Reuters]
Бұл соғыста шамамен 30,000 адам шейіт болды.

«Бұл соғыстың аяқталғаны туралы мәлімдеме Арменияда тым жақсы қабылданған жоқ. Оны естіген халықта жиіркеніш пен үмітсіздік сезімі қатар пайда болды», дейді Арменияға көршілес Грузияның астанасы Тбилисидегі әл-Жазираның тілшісі Робин Форестиер-Уолкер

«Жеңілгенін мойындап Азербайжанмен Ресейдің араағайындығымен келісімге келу Армения үшін тығырықтан шығудың жалғыз жолы дегенге тұрғындар сенбейді. Бұл әрине, соғыстың аяқталуын қамтамасыз етеді, алайда Азербайжанның жеңіске жеткенін паш етеді».

Қыркүйектің 27-сінде басталған ең соңғы шабуыл конфликтінің бұдан да кеңірек шиеленісе түсетіндігінен хабар берді. Ресей мен Армения арасында Қорғаныс жайында пакт бар, онда Ресейдің әскери базасы орналасқан. Ал Түркия Азербайжанды қолдайды. Келісімге қол қоярдан бір сағат бұрын Азербайжан ресми Мәскеуден Ресей тікұшағын байқамай атып түсіргендері үшін кешірім сұрады. Ондағы екі экипаж мүшесі қаза тауып, үшіншісі жараланған еді.

Соңғы алты аптада Таулы-Карабахтағы жанжалды тоқтатуға үш рет әрекет жасалған еді. Алайда одан өнген нәтиже болмады.

SOURCE : AL JAZEERA AND NEWS AGENCIES

Ағылшын тілінен ықшамдап аударған Е. Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар