///

Целиноград ауданы Білім бөлімі интернет байланысы үшін қанша қаржы жұмсады? Тұрғындар неге әлі интернетке қол жеткізе алмай отыр?

2951 рет қаралды

Қазақстан ұлттық арнасының «Ақпарат» бағдарламасының 10-қарашадағы кешкі шығарылымында (сағат 20.00) Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Қажымұқан ауылында интернет байланысының нашар екендігі туралы айтылады. Бірінші тоқсан аяқталса да, ауыл тұрғындары интернет байланысының мүлдем нашарлығынан сабақты дұрыс оқи алмағандығын айтып шағынған.

Бұл ауыл Ақмола облысы Целиноград ауданына қарасты екен. Біз бұл ретте  Целиноград ауданы Білім бөлімінің интернет қызметтері үшін қанша қаржы жұмсағанын сарапқа салған едік. Аталған мекеме жылдың басынан байланыс және интернет желісіне, ұялы интернет қызметтері мен модемдер үшін 70 миллионнан астам теңге жұмсаған.

 

Негізгі өнім берушілер «Қазақтелеком» мен «Мобайл Телеком сервис» ЖШС. Мекеменің «Қазақтелеком» АҚ-ымен 7 келісім шарты бар. Ең төменгі келісім шарты – 36,6 мың теңге, ең жоғарғысы – 30 миллионнан асады. Жиыны – 48 миллион теңге.

«Мобайл Телеком сервис» ЖШС-інің Целиноград ауданының Білім бөлімімен биылдыққа үш келісім шарты бар. Оның екеуі ұялы интернет қызметтері үшін, ал қалғаны – модем сатып алуға арналған. Жиыны – 21,9 миллион теңге. Оның 5 миллионға жуығы ұялы интернет қызметіне арналса, қалған – 17 миллионы модемдер үшін бөлінген. Модем құны да әртүрлі. Мәселен, 17990 теңге тұратын 151 модем, 13990 теңге тұратын – 1027 модем сатып алынған.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар