Қарашаның 19-ында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Павлодар өңірінің журналистеріне арналған тренингтің төртінші күні аяқталды. Қатысушылар ақпаратты визуализациялаудың оңай жолдарымен танысты. Flourish сайтын қолдана отырып excell кестесінде өңделген ақпаратты түрлі шаблондарды қолдана отырып, графиканың көмегімен ақпарат берудің тәсілдеріне қанықты. Медиа тренер – Сулейман Демирель атындағы университетінің Журналистика мектебінің түлегі, Сорос Қазақстан қорының Imedia курсының тыңдаушысы Баубек Сағындықов. Шараға Павлодар өңірінде әртүрлі медиада қызмет етіп жүрген 20 журналист қатысуда. Шара “ERG Komek” корпоративтік қорының қаржылай қолдауымен өтіп жатыр.
Төменде Қазақстандағы кітапханалар саны туралы Статистика комитетінің мәліметін пайдалана отырып, жасаған инфографика.
Парақшамызға жазылыңыз