/

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі: Қостанай өңірінің журналистеріне арналған тренинг басталды

2295 рет қаралды

Қарашаның 23-інде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жазудың ерекшеліктері: ERG мысалында” тақырыбында Қостанай өңірінің журналистеріне арналған тренингтің алғашқы күні аяқталды. Тренингке Қостанайдың әр өңірінен 26 адам қатысуға өтініш білдірді. Олардың арасында түрлі республикалық басылымдар мен арналардың меншікті тілшілері, облыстық және аудандық басылымның журналистері, университет ұстаздары, журналистика студенттері бар.

Бірінші күні журналистер ақпаратқа қол жеткізу және интернеттегі ашық деректерді іздеу, оны мақалада пайдаланудың жолдарымен танысты. Медиа тренер – Есенгүл Кәпқызы.

Тренинг бес күн бойы жалғаспақ. Тренинг барысында қатысушылар ірі корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігі қандай, олар қарапайым халық үшін не істеп жатыр, қоршаған ортаны ластамас үшін қандай әрекеттер жасалуда, ашық деректермен қалай жұмыс істеуге болады, дата дегеніміз не, оны іздеп табудың жолдары, ірі корпорациялардың есебін пайдаланып қалай материал жасауға болады деген тақырыптарда тәжірибелі тренерлер өз тәжірибесімен бөліспек.

Сондай-ақ, қатысушылар өз өңірлеріндегі бизнес субьектілерінің әлеуметтік жауапкершілікті қалай сезінетінін және осы салада қандай істер атқарып жатқанына байланысты оқиға тауып, мақала жариялайды, конкурс жарияланады. Конкурстан қара үзіп, алда келген үш үздік материалға қомақты сыйлығымыз бар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар