/

Медиа мамандарына арналған Топ-5 іс-шара

2400 рет қаралды

www.minber.kz медиа саласының мамандары үшін Топ 5 онлайн-шара ұсынады. Барлық іс-шара желтоқсан айына қатысты екенін ескеріңіз.

 Медиа саласындағы біліктілігіңіз бен біліміңізді аталмыш іс-шаралар арқылы тиянақтай аласыз. Медиа құқық, дата журналистика, копирайтинг, подкаст жайлы онлайн-шараларға қатысуды ұсынамыз.

  1. Журналистер мен блогерлерге арналған медиақұқық жөнінде вебинар. 3-4 желтоқсан аралығында өтеді. Қандай жағдайларда теріске шығаруды жариялау талабы заңсыз болып табылады? Сотқа дейінгі шағымға жауап беру керек пе? Сот процесінде сізге қандай дәлелдер қажет болады? «Моральдық зиян» деген не және ол сотта қалай дәлелденеді? және т.б. сұрақтардың жауабын біле аласыз.

Қатысқысы келетіндер алдымен бұл туралы +7 727 313 1473, 8 707 700 1322 телефон номерлері арқылы хабарласуы қажет. Немесе info@adilsoz.kz поштасына өзінің байланыс деректерін қалдыру керек. Ұйымдастырушылар вебинарға Zoom арқылы қосылу сілтемесін жібереді. Вебинар уақыты 11:00-13:00 аралығы.

2. Ашық деректермен жұмыс істеу тренингі. Алматы қаласында өтеді. Дедлайн 7 желтоқсан. Екі күндік тренингте сіз үлестегі тұлғалардың (аффилированное лицо) тізімдерімен жұмыс жасауды үйренесіз. Бұл тізімдер тергеу барысында қалай көмектесетінін және тергеу объектісінің қандай активтері бар екенін білесіз. Мемлекеттік активтер арқылы деректерді қалай жинау керектігін үйренесіз. Gosreestr.kz мәліметтер базасымен танысасыз. Сондай-ақ сот кабинетінің мүмкіндіктері туралы білесіз.

Спикер: журналист, редактор және @protenge  жобасының негізін қалаушы Джамиля Маричева. Іс-шара 10,11 желтоқсан күні Алматы қаласы, Garden Park Inn қонақ үйінде өтеді. Уақыты 9:00-18:00 аралығы. Қатысу тегін, бірақ орын саны шектеулі. Өтініштер 7 желтоқсанға дейін қабылданады.

  1. “ДавайПиши” тегін онлайн-конференциясы. 7-11 желтоқсан аралығында өтеді. Іс-шара копирайтерге, редакторға, маркетологқа, SMM маманына, кәсіпкерге және эксперттерге арналады. Бұл жолы 25 спикер өз тәжірибесімен, білімімен бөлісетін болады. Олардың бірі ТМД елдеріне танымал копирайтер Денис Каплунов және “Пиши, сокращай” кітабының автор мүшесі Людмила Сарычева болмақ. Толығырақ: https://moroshkapro.ru/davaypishiconfa2020
  1. “Қастық пен өшпенділік тілі” атты онлайн тренинг. Дедлайн 9 желтоқсан.

Internews Network Өзбекстандағы кәсіби журналистерге “қастық пен өшпенділік тілі“ атты онлайн-тренинг ұйымдастырады. Іс-шара 16-17 желтоқсан аралығында өтеді. Тренер ретінде Орта Азиядағы әлемдік шығармашылық және медиатехнология мектебінің директоры Инга Сикорская дәріс өтеді.

Сөз бостандығы және өшпенділік тілі дегеніміз не? Қастық тілі мультимедиа алаңында қалай жүзеге асады? Журналистер қолданатын қандай стереотиптер конфликт тудырады? Бұдан қалай құтылуға болады? Тренингте осы және өзге сұрақтар талқыланып, практикалық тапсырмалар беріледі. Толығырақ: https://newreporter.org/2020/11/25/onlajn-trening-yazyk-nenavisti-i-vrazhdy-v-internete-dlya-zhurnalistov-uzbekistana/

  1. Марина Шариповамен интенсивті подкаст. Алматы қаласында, 14-16 желтоқсан аралығында өтеді.

Cabar.Asia медиа мектебі бұл іс-шараны подкастқа идеясы бар, алайда неден бастарын білмей жүрген жандарға; бірнеше эпизод жазып бірақ бағыты дұрыс/бұрысына сенімсіз адамдарға; кәсіби түрде подкастпен айналысқысы келетіндерге арнап ұйымдастырған.

Тренер Марина Шарипова – блогер, журналист және PR-менеджер. Марина “Морское время” және “Книгометр” атты подкасттар жүргізеді. Іс-шара 14-16 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар