Ұлтты ұйыстыру – қазақ баспасөзінің қолында

1245 рет қаралды
3

вввБұл жерде мен екі мәселеге ғана әдейі тоқталғым келді. Озық елдердің іс-тәжірибесіне қарап отырсаңыздар, қандай бір жалпылама атау, есім ойлап тауып, құзыры жүріп тұрғандықтан болар, сол жалпылама аттың, атаудың астарымен өзінің жеке басына тән, дара мүдделерін әлемдік деңгейге көтеру мақсатын жүзеге асыратындығын байқаймыз.

«Жаһандандыру», «жаһандасу», «ғаламдандыру» деген терминдердің астарында да осындай бір тырнағын ішіне бүккен әрекеттер жатыр. Шын мәнінде, ол шынайы «жаһандандыру болса» жалпы адамзат мүддесіне ортақ дүниелер ғана ғаламдасуы қажет еді. Алайда, бүгін ондай әрекетті көре алмаймыз. Жаһандану деген аты болмаса, заты, үдерістері біржақты жүріледі. Ол адамзат баласын жалпыға ортақ адамзаттық игіліктер мен құндылықтарға бейімдеуден гөрі белгілі бір ұлттың, не болмаса мемлекеттің ішкі күрделі мәселелерін ұмыттырып, «жаһандану» деген атпен көлегейлеп, белгілі бір ұлттың не елдің мүддесін келесі бір ұлтқа не мемлекетке тықпалайды.

Жаһандану –ХХ, ХХІ ғасырдағы әлсіз мемлекеттер мен ұлттарды отарлаудың жаңа үлгісі. Бұған ттшамданудың қажеті аз, шындық солай. Мәселен, елімізде өткізіліп жататын түрлі халықаралық алқалы жиындар, Еуразиялық медиафорумдар осыны көрсетеді. Солардың көлеңкесінде нақты шешімін күткен, пісіп жетілген қазақ мәселесі қордаланып қалып жатады. Соның бірі – қазақ баспасөзі. «Баспасөз» деген терминнің ішіне радио, теледидар, интернетті де қосып отырмыз. Қазақ баспасөзі тек қазақтілді баспасөзден құралмайды. Қазақтілді баспасөз қазақ баспасөзінің үлкен бір құрамдас бөлігі. Егер «қазақ тілі ұлтты ұйыстырушы негізгі фактор» екені рас болса, онда оны жүзеге асырушы басты құралы қазақтілді қазақ баспасөзінің деңгейі де сондай дәрежеде болуы керек еді. Алайда, біздегі қазақ баспасөзінің барлық компоненттері, құрамдас бөліктері қазақ баспасөзін дамытуға сай, соның мүддесі үшін толық қанды қызмет жасайды деу өте қиын.

Қазақ ғалымдары өмірдің жүзден астам саласы бар деп көрсетеді. Ал қазақ баспасөзі 11 тілде ақпарат таратады. БАҚ-тың 18 пайызы қазақ тілінде, 82 пайызы басқа тілдерде ақпарат таратады. БАҚ-та Ресейді насихаттауға кең орын берілген. Әлемдік тенденция, әлемдік тәжірибе БАҚ-ты мемлекет реттеп отыру керектігін әлдеқашан дәлелдеген.

Тоталитарлық жүйедегі елдер болмаса, зайырлы мемлекеттер жаһандану дәуірінде әлемдік ақпаратқа тең дәрежеде орын береді. Бізде керісінше, Ресейде шөптің басы сыбдырласа, сол насихатталады. Қазақстан туралы білгенімізден Ресей туралы білгеніміз артық.

Неге олай? Өйткені біз әлі күнге дейін Қазақстанның жалпы ұлттық, ұлтты ұйыстырушы, бастаушы идеологиясын жасай алмай отырмыз. Қазақтың өзі әлі күнге дейін өзінің қазақ екеніне көзі жеткен жоқ. Осыдан келіп бүгінгі «Қазақстандық» деген дүбәра идея дүниеге келді. Оның құптауға болмайтын тұстары баршылық. Қазақ баспасөзі осыны тектеп айта алмады. Мәселен онда, «мемлекеттің іргетасы азаматтық қоғам құру болып қалыптасты» дейді.

Азаматтық қауымдастық еш уақытта мемлекетті қалыптастырушы іргетасы бола алмайды. Олай емес, керісінше, доктринада қазақ топырағында жасалып, әрі жасап жатқан бүкіл тірлік, өмір қазақ деген ұлы идеяға топтасу керек еді. Біз міне, әлі күнге дейін осыны жасай алмай отырмыз. Бір мысал айтайын: Бір спортшы шет елге шығып зор жеңіске жетіп оралды делік. Ал біз оның қазақтың, Қазақстанның мақтанышы, абыройы дегеннен гөрі қай ұлттың өкілі екенін тектеп дабыралаймыз. Оның қазақтың ұлттық мақтанышы болғаннан гөрі шығу тегін көп дәріптейміз. Қазақ баспасөзінің, соның ішінде қазақтілді қазақ баспа сөзінің олқылығы осында. Ал шет елдерде сен орыс болмақ түгіл, негр болып тұрсың ба, Қазақстаннан келдің бе, «қазақ» деп қабылдайды. Қабылдамай отырған біз, өзіміз.

Қазақ баспасөзінің қазақ тілінде дамуына биліктегі қазақ тілін білмейтін 53 мың, сөйлеуден ұялатын 115 мың қызметкерлердің (Әкім Тарази), (депутат Б.Тілеухан биліктегілердің 90 проценті) ықпалы аса салмақты, сынай отырып сыйлауға болады, осы идеяға бірігетін болса, қазақ баспасөзінің жағдайы тым жаман болмас еді. Осыған орай интернетті әр үйге енгізу қажеттілігі туындап отыр. Интернеттің бағасы өте қымбат, әр отбасынның оған шамасы келе бермейді. Ең қымбат интернет Қазақстанда. Интернет иелері оны тек пайда табу көзіне айналдырған. Монополистердің аспаннан алып тағайындаған бағасымен үкімет неге келіседі?!. Қазір интернет пайдаланушылардың дені мемлекеттік жүйеде қызмет жасайтындар. Өйткені, сенбі, жексенбі күндері интернет пайдаланушылардың саны күрт түседі. Сонда, тұтынушысыз электрондық БАҚ қалай дамиды? Қазақ баспасөзі жаһандануға қайтіп қарсы тұра алады?
Б.Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. “Ұлтты ұйыстыру – қазақ баспасөзінің қолында”?
    Казах баспасози алдымен озине жагдай жасап алуы керек

  2. Үйде отырып мақала жазғышпыз.Сіз кешегі күні Шақановпен бірге болдыңыз ба?Тіл үстемдік құрмаса қазақ баспасөзі күйіс қайтару құралы болып қала бермек.

  3. -“Сіз кешегі күні Шахановпен бірге болдыңыз ба?” -Ұлт мәселесінде менің ұстанған бағытымда еш қандай екі жүзділік жоқ

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар