/

Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау жайлы халық қандай пікірде?

2665 рет қаралды

Биылғы Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау 10 қаңтарда өтеді. Бұл күні тек Мәжіліс емес, жер-жердегі мәслихат депутаттарының да сайлауы болады. Сайлауға 5 күн қалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жолғы науқанның ерекшелігін атап өтті. Қоғам белсенділері және депутаттар сайлау еліміздің дамуына жаңа серпін беретінін айтып отыр. Сайлау демократияны нығайтады дейді.

Бұл депутаттар мен қоғам белсенділерінің халыққа айтқаны. Халық бұл сайлау жайлы не ойлайды? Биылғы Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттар сайлауынан қандай өзгеріс күтеді? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында 20 шақты адамның ойын тыңдадық.

Сауалнамаға Мәжіліс пен мәслихат сайлауының маңызын ашатын сұрақтар дайындадық. Бұл тұрғыдан алғанда халықтың сайлау туралы ойы, пікірі маңызды. Біз ең алдымен Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы жайлы не білетінін сұрадық. Респонденттердің 23 пайызы сайлау жайлы аз-маз хабардар екенін жазған. Ал 23 пайызы 10 қаңтарда өтетінін білемін деп жауап берген. Сауалнамаға қатысқан өзге 54 пайыз адам сайлау туралы білетінімен бөлісті. Бұл топтың жауаптарын назарларыңызға ұсынамыз. “Сайлаудың осы уақытқа дейін әділ өтпегенін білемін. Ештеңе, бәрібір келіп кетер пайдасы жоқ. Мемлекеттік деңгейдегі сайлау. Бұл бес жылда бір өтетін заң шығарушы билік тармағының сайлауы”.

“Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлауға келесіз бе? Не себепті?” Біздің тараптан қойылған екінші маңызды сұрақ осы болды. Респонденттердің 65 пайызы “иә, келемін” деп жауап берген. Ал 29 пайызы “жоқ, келмеймін” деген шешім қабылдаған. Сауалнамаға қатысқан бір адам ғана “білмеймін” деп жазған екен. Жауаптар тек “иә, жоқ” нұсқасында жазылмады. Өз сөздерін негіздеп, жеке пікірлерімен бөлісті. Респонденттердің толық жауабын төменгі суреттен көре аласыздар.

“Қандай партияларды білесіз” деген сұрағымызға қатысушылардың бәрі толыққанды жауап берді. Парламенттің төменгі палатасындағы орындар үшін сайлауда бес партиядан кандидаттар таласады: Nur Otan партиясы; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы; Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер); «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы; «Адал» саяси партиясы. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі бұл кандитаттардан хабардар екенін байқадық.

Халықтың 2021 жылғы Мәжіліс пен Мәслихат сайлауынан не күтері біз үшін де, кандидаттар үшін де маңызды. Жауап берген 17 адамның төртеуі сайлаудан ештеңе күтпейтіндігін айтты. Қалған қатысушылардың жартысынан көбі әділдікті қалайтынын жазған екен. Толық жауапты төмендегі сауалнама нәтижесінен көре аласыздар.

Сайлаудың әділ өтуін барлығы қалайды. Мәжіліс пен Мәслихат сайлауы расымен әділ өте ме? Бұл туралы халық не ойлайды? Респондеттердің 70 пайызы әділ өтпейді деп жауап берген екен. Алдын-ала шешіліп қойғанын, Нұр Отанның жеңіске жететінін, билік жаңармайынша әділ өтпейтінін айтуда. Бұл сауалнамаға қатысқан халықтың жеке пікірі. Арасында әділ өтуі мүмкін деген үш адам болды. Сайлау әділ өтуі үшін халық тарапынан азаматтық позиция көріну керек дейді. Халық белсенді түрде өз құқығын қорғап, сайлауда дауыс берсе әділдікке жетеміз депті қатысушылар.

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар