//

Exit Poll әулие екен! Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының алғашқы қорытындыларын жариялады

1544 рет қаралды
фото: DW

Дәл солай! Осыған дейін, 10 қаңтар күні Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен сайлау барысы аяқталғаннан кейін, Exit Poll-дың болжамы жарияланған еді.

11 қаңтар күні Орталық сайлау комиссиясының алдын ала ресми нәтижесі де көпшілікті көп күттіріп, 15,00-де жарияланды. Алдын-ала дейтініміз, соңғы әрі нақты нәтиже барлық сайлау учаскелерінен сайлау қорытындысы бойынша Сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы алынғаннан кейін, Орталық сайлау комиссиясының отырысында шығарылады. Еліміздегі барлық сайлау учаскесінде  дауыс беру 10-қаңтар күні кешкі 20.00 аяқталды. Сайлау комиссияларында дауыс санау мен хаттама толтыру 11-қаңтар таңғы сағат 6.00-ге дейін жалғасты дегеннің өзінде хаттамалардың түпнұсқасы электронды поштамен Орталық сайлау комиссиясына түсуі керек еді деген пікірдеміз.

Не де болса, сайлау қорытындысы шықты. Алдын ала нәтижені Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина оқыды.

Барлық өңірлердегі сайлау нәтижесіне сәйкес билік партиясы – Nur Otan басым дауыс жинаған, Ақ жол мен Қазақстан Халықтық партиясы екінші және үшінші орынды иеленіпті. Ал, ADAL барлық өңір бойынша ең аз дауыс жинапты. Сонымен, республика бойынша Мәжіліс сайлауы бойынша алдын ала нәтиже мынадай:

Ал, 10 қаңтар күні кешке Eхit Poll жариялаған нәтиже мынадай болатын: 

 

Нәтижелердің арасындағы айырмашылық тым аз. Осыдан кейін, Exit poll-ды әулие демеске шара жоқ.

Төменде партиялардың өңір бойынша жинаған дауысының рейтингісін ұсынамыз: 

 

Осы орайда, Орталық Сайлау комиссиясының мәлімдемесіне дейін, Жазушы-публицист Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев) Facebook әлеуметтік желісінде сайлауға қатысты өз ойын білдірген еді.  «Халық өтірік уәделерден, көзбояушылықтардан шаршаған. Оның үстіне қалай дауыс берсек те “Nur Otan” жеңеді ғой деген саяси шарасыздық. Бүгінгі экзит-пул нөмірі бірінші партия 71 пайыз алғанын жариялап та қойды. Күмән көп. Бірақ әкімшілік ресурс бір кісідей жұмылдырылған соң біздің елімізде басқаша болуы да мүмкін емес қой. “Күркіреп күндей өтті ғой соғыс” демекші, мінеки, сайлау да артта қалды. Билік партиясының “ойдағыдай” көш бастағанын көзіміз көрді. Бүгін-ертең Мәжіліс жасақталған соң Үкімет те доғарысқа кетер. Жаңа Үкімет тағайындалар. 2019 жылғы Президент сайлауынан соң Қ.Тоқаевқа ант бермеген күш құрылымдарының басшылары биыл да орынтақтарын сақтап қалса өткен жолғыдай оған тағы ант бере қоймас. Кейбір ведомство басшылары өзгергенімен режим қаз қалпында қала береді.Сайлау өткенмен халық күткен өзгерістер, түбегейлі реформалар орын алмасы анық. Мұның бәрі халықтың, әсіресе жастардың ертеңгі күнге деген сенімін “дәу тышқандардай” кеміріп барады. Ең сұмдығы жастардың оттай жанған патриоттық сезімдері жойылып кете ме деп қорқамын», деп жазды Мұрат Байділдаұлы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар