Қазанның 4-5-інде Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен “Жаңа медиа және аймақтық журналистика” тақырыбында екі күндік семинар-тренинг болып өтті.
Талдықорған Алматыға жақын аймақтардың бірі. Бірақ, солай бола тұра ақпарат құралдарының, соның ішінде қазақтілді БАҚ-тың дамуы тым қарқынды емес. Әсіресе, Талдықорғанда билікке тәуелсіз қоғамдық қазақтілді газет жоқ деуге болады. Сол себепті де мұндағы журналистердің азаматтық белсенділігін арттыру маңызды.
Ал, жаңа медиа мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қоғамдағы азаматтық белсенділікті дамытудың жолдары мол екендігі бұған дейін айтылып келеді. Бірақ, егер журналистердің жаңа медиа жайындағы түсінігі тым таяз болса, интернетті тек қана хат алмасы торабы, ақпарат іздеу көзі деп қарастыратын болса, одан шығар нәтиже аз. Осы ретте біз семинар-тренингке қатысушылардың өткізілген шара жайында пікірін білген едік:
– Жаңа медиа әр тұтынушыға өте көп мүмкіндік беретінін түсіндім. Ол өзінің құрамына барлық дәстүрлі БАҚ-қа тән дүниенің барлығын біріктіреді. Мысалы, газет те, радио да, телеарна да бір интернеттің бетінен табылады, – дейді “Жетісу” телеарнасының тілшісі Шыңғыс Қалиден.
– Өзімді интернет ресурсты тәп-тәуір пайдаланатын тұтынушымын деп есептейтінмін. Сол себепті де, семинарға әйтеуір қатысуым шарт деп келген едім. Алайда, әлемдегі жаңа медианың дамуы, блогтардың пайдасы, әрі қазіргі әмбебап журналистердің мүмкіндігі туралы естіп білгенімде бірінші сыныпқа келген оқушыдай болдым. Азаматтық журналистика ұғымы туралы алғаш рет естіп отырмын, – дейді Данияр Болысбекұлы.
Сонымен осы семинарда жаңадан 12 блог пайда болды. Олардың өміршеңдігі жайында алда мониторинг жүргізіп отыратын боламыз.
“Мінбер” журналистерді қолдау ортаылығы “Жаңа медианы зерттеу тобы”. Парақшамызға жазылыңыз
Елдегі жаңа толқынның қалыптасуына, әсіресе жаңа медиа саласындағы қазақ тілді қолданушылардың артуы тіл мәселесі мен ұлттық саладағы біраз дүниенің басын қайырар деп ойлаймын.
[…] Талдықорғанға барып қайтуға мүмкіндік туды, оны себебі жоқ емес. Жергілікті тамаша журналистермен танысып, […]
Бұл тренингті ұйымдастырған ағаларымызға алғысымды білдіремін. Жаңа медияны дамытуға әрбіріміз өз үлесімізді қосуымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, жаңа медия бүгінгі жиырма бірінші ғасырдың талабы!