//

Нұрболат Өмірхан: “Кенжелеп қалған қыш құмыра өнерін дәріптегіміз келеді

3536 рет қаралды
3

Қазақ Ұлттық Университеті, ақпарат технологиясы факультетінің түлегі Нұрболат Өмірхан Қазақстандағы кенжелеп қалған саланы көтеруді мақсат еткен. Іздеп, зерттей келе “қыш құмыра жасау” өнерін қолға алған. Нұрболаттың айтуынша, бұл өнер қазақ аудиториясына кешігіп келген екен:

 – “Бұл кәсіпті ашуда екі мақсатымыз болды. Біріншісі Қазақстанда кенжелеп қалған “қыш құмыра жасау” саласын көтергіміз келді. Екіншісі, қазақ аудиториясына керамика өнерін дәріптеуді қаладық. Саз балшықтан қыш құмыра, көзе ыдыс жасау неолит дәуірінен жеткен. Біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтан бері Қазақстанның ежелгі, орта ғасырлық қалаларының барлығында дерлік осы кәсіп болған. Ақтөбе, Отырар қаласында арнайы пештер табылған. Біздің қазіргі ыдыстар қолдан жасалынған шағын ғана түрлері. Ал негізінде 50-60 килограмм ұн қамтылатындай көлемде ыдыстар болды. Бір өкініштісі, 21 ғасырда бүкіл Қазақстанды қамтитын “керамика, қыш құмыра” орындары жоқ. Қапшағайда фарфор, Алматыда керамика зауыттары болған. Бірақ олар жабылып қалды.”

СЫРТТАН ДАЙЫН ӨНІМДІ АЛҒАН АНАҒҰРЛЫМ АРЗАНҒА ТҮСЕДІ

– “Ыдыстар Түркия, Қытай, Өзбекстаннан келеді. Қазақстан қыш құмыра саласында шикізат көзіне тапшы. Мың градустық пеш, көзе жасайтын ұршық Ресей немесе Қытайдан келеді. Қазақстанда қолдан жасайды, бірақ салыстырмалы түрде сапасы төмен. Саз балшық Қапшағайда бар, бірақ материалы сырттан келеді. Өзге елде шикізат бар және олар өздері өндіре алады, ал біз шикізаттың өзін шетелден аламыз. Біз үшін Қытайдың, Ресейдің дайын өнімдері анағұрлым арзан түседі.”

“Бұл сала өте қатты құлдырауда. Мамандар дайындалып жатыр, бірақ естуім бойынша көбі жеке кәсібін ашып кеткен. Сол себепті де маман табу өте қиын. Біз 10-15 жылдық тәжірибесі бар шеберді 20-30 адамға шығып таптық. Шебердің айтуынша Ресейде өнер, мәдениет жоғары бағаланады. Қазақстанға келіп елеусіз қалдым дейді.”

DALA CRAFTS – ДАЛА ҚОЛӨНЕРІ

 Алматы қаласы, Абай даңғылында орналасқан керамика орталығы “Dala crafts” деп аталады. Орталық басшысы Нұрболаттың айтуынша, бұл атау мақсатпен тікелей ұштасады:

 – Біз орталықты “Dala crafts” деп атадық. Яғни далалық қолөнер дегенге алып келдік. Бұл біздің мақсатымыздың бірі – ата-баба өнерін қайта жандандыру еді. Біздікі секілді Алматыда 5-7, Астанада 2-3 орталық бар болуы керек. Одан көп жоқ деуге де болады. Білесіз бе, бір өкініштісі сурет салу, саз балшық жасау өнеріне көбіне орыс тілді аудитория бейім екен. Қазақтар өнерге қызықпай ма, мәдениетіміз төмен бе білмедім. Қазақ аудиториясы, қазақ балалары осы өнерді көрсін, білсін деген мақсатымыз тағы бар. Сол себепті де қазақша сөйлейтін шеберлерді алдырттық.”

Мен өзім жұбайыммен арт студияға барғанмын. Қызметі, келушілер баршасы орыс тілді. Біз өз орталығымызды барынша қазақы етуге тырыстық. Бұл бізді қызықтырған, біз іздеп жүріп тапқан кәсіп. Қыш құмыра жасау, қағазға, құмға сурет салу нағыз терапия дер едім. Адамның жүйке жүйесіне, ойлау қабілетіне әсер етеді. Жаңа нейрондық жасушаның пайда болуына көмектеседі. Стрессте, депрессияда жүрген адамдар келер болса демалып, жеңілдеп қалады. Өзін қабылдауға, қоғамның бір мүшесі екенін сезуге көмектеседі. Ең бастысы адамның қабілетін ашады және қабілетін одан әрі дамытуға мүмкіндік сыйлайды.”

ОРТАЛЫҚТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

 Орталықтағы қызмет түрін өз қалауыңыз бойынша таңдай аласыз. Қағазға, құмға өз бетіңізбен сурет салуыңызға болады. Сонымен қатар арнайы маманның көмегіне жүгене аласыз. Өзіңіз салған туындыны алып кетуіңізге болады. Саз балшықтан ыдыс жасайтын болсаңыз, қалауыңызға қарай алып кетесіз немесе орталықта қалдырасыз. Бағада ғана айырмашылық болады. Бұдан бөлек орталықта жұптарға арналған кешкі ас ұйымдастырылады. Туған күн, түңгі кино кешін өткізе аласыз. Орталықтың және қаланың түңгі атмосферасы маңызды күніңізге ерекше әсемдік сый

Парақшамызға жазылыңыз

Жадыра Жанарбек

Minber.kz сайтының маусым айынан бастап авторы. Сулейман Демирел Университетінің 4-курс студенті. 2020 қаңтардан бастап “Halyqnews” сайтының Алматы қалалық тілшісі қызметін атқарған. Журналистерге арналған “Media CAMP Edyuton -2020” инновациялық курсының қатысушысы.

3 Comments

  1. Керемет, тек алға. Осындай жанашыр бауырларымыз көбейе берсін

  2. Нұрболат бастаған ісіңнің өрге домалауына тілектеспін.

  3. Керемет бастама!!! Ісіңіз алға баса берсін бауырым!!! Ұлттық сананы сақтаудың бір діңгегі қазақи мәдениет шығар! Осы саладағы еңбегіңізге жеміс тілейміз!

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар