/

Атырауда мал ұрлығы үдеп тұр

2240 рет қаралды
фото: Өзге пікір

Президент Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен мал ұрлығына қатысты заң тармақтары едәуір қатайғанымен, Атырау облысында мал ұрлығы азаймай отыр. Әсіресе қыс мезгілі кәнігі ұрылардың қолайына біршама жағып тұр.

Мәселен, өңірде жуырда мал және ет өнімдерін заңсыз сатқан 25 адам жауапкершілікке тартылды. Бұл дерек 23-25 ақпан аралығында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс шарасында анықталған.

Облыстық полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиевтің әлеуметтік желідегі парақшасындағы мәліметке сүйенсек, рейд кезінде әрбір ауданның, ауылдың қалаға бағыт алар тұсында 14 арнайы бекет, 35 тосқауыл қойылды. Бұдан басқа, мал және ет өнімдерін тасымалдайтын 305 автокөлік, сауда нүктелерінде 146 орын мен 452 шаруа қожалығы тексерілді. Нәтижесінде, төрт түлік мал мен олардан алынатын ет өнімдерін құжатсыз тасымалдаудың – 19, тиісті рұқсатсыз сатудың – 6 фактісі анықталып, олардың барлығы тиісті жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, аталған іс-шара кезінде заңсыз мал союмен айналысқан – 5, ұрланған малды сатқан – 2, ұрланған ет өнімін сатқан – 1 және малды заңсыз тасымалдаушы 10 кінәлі есепке алынды.

Бұл – тек арнайы органның ұйымдастыруымен 2 күннің ішінде анықталған ресми деректер. Ал, жалпы ашылмай жатқан, иелері арызданбай табылмай кеткен мал ұрлығы бұдан да көп екені сөзсіз. Себебі соңғы кезде мал иелерінің өзіне де жауапкершілік жүгі екі еселенді. Осы себептен де кейбір мал иелері өзінің кінәсін іштей сезініп, «Бастан – құлақ садақа» дегендей, құзырлы органға арызданбайтыны қаншама?

                                                                                  Ескендір ӘКЕЖАН

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар