//

Тәуелсіздік жылдары ішінде әскери салада осымен үшінші әуе апаты болыпты

3738 рет қаралды

2021 жыл 13 наурыз, Алматыда ҰҚК-ның “Нұр-Сұлтан-Алматы” бағыты бойынша ұшып келген ҚР ҰҚК-не тиесілі  АН-26 әскери ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған. Кешкі сағат 17:20 шамасында  экипажбен байланыс үзілген. Әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам ауыр жараланған. Бұл тәуелсіздік жылдары әскери салада апатқа ұшыраған үшінші ұшақ. 

2012 жыл, 25 желтоқсан сағат 18:55-те Шымкент әуежайынан 20 шақырым қашықтықта  «Астана-Шымкент» рейсін орындаған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ведомстволық ұшағы апатқа ұшыраған еді.  АН-72 әуе кемесінің ішінде болған барлық 27 адам, соның ішінде 7 экипаж мүшесі қаза тапты.
Қаза тапқандардың ішінде Шекара қызметінің директоры полковник Стамбеков Т.М. және Қызмет орталық аппаратының бір топ офицерлері, сондай-ақ сол жылы 25 желтоқсанда Астана қаласында Шекара қызметі Әскери кеңесінің жиналысына қатысқан «Оңтүстік» өңірлік басқармасының әскери қызметшілері бар. Шекара қызметінің басшылығы Шымкент қаласына «Оңтүстік» өңірлік басқармасында өткен жылдың қорытындысын шығару бойынша Әскери кеңес өткізу үшін ұшып шыққан екен.

2019 жыл 27 наурыз, Ақтау – Шымкент бағыты бойынша ұшып бара жатқан Қазақстан қарулы күштерінің Ми 8 тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырады. Қазақстанның қорғаныс министрлігі тікұшақта болған 13 адамның бәрінің қаза тапқанын хабарлады.
https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-kyzylorda-helicopter-crash/29847049.html

2021 жыл 13 наурыз, Алматыда ҰҚК-ның “Нұр-Сұлтан-Алматы” бағыты бойынша ұшып келген ҚР ҰҚК-не тиесілі  АН-26 әскери ұшағы құлады. Бортта 6 адам болған. Кешкі сағат 17:20 шамасында  экипажбен байланыс үзілген. Әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам ауыр жараналған.

Ал, «Azattyq» радиосының дерегінше жалпы тәуелсіздік жылдары ішінде жеті әуе апаты болған екен.
2013 жылы 29 қаңтарда Алматы әуежайы маңындағы Қызылту ауылының тұсына Көкшетау- Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан Scat компаниясының CRJ-200 ұшағы құлап, борттағы 21 адам (16 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі) түгел қаза тапқан еді.

2015 жылы 20 қаңтарда  Балқаштан Шатыркөл кенішіне ұшып бара жатқан “Ан-2” ұшағы Жамбыл облысы, Шу ауданы аумағында апатқа ұшырап, борттағы “Қазақмыс” компаниясының үш қызметкері мен үш экипаж мүшесі қаза тауып, бір әйел ғна тірі қалған еді.

2016 жылы 27 қаңтарда Алматы облысында Алакөл ауданынан Талдықорған қаласына науқас баланы апара жатқан UP-MD 600-N тікұшағы құлап, бес адам мерт болған.

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы Нұр-Сұлтан бағытында сапарға шыққан Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы әуежайға жақын маңда құлаған еді. Ұшақта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Апаттан 12 адам қаза тапқан болатын. Олардың арасында ұшақ экипажының командирі  Марат Мұратбаев та бар.

Осы оқиғадан кейін, ұшақтары осыған дейін де бірнеше рет апатты жағдайға тап болып, аман қалған Bek Air әуе компаниясының лицензиясы тоқтатылған болатын. Ал, Scat әуекомпаниясы жұмысын жалғастыруда.

13-наурызда болған әуе апатының себебіне қатысты құзырлы органдардар тарапынан әзірге болжам айтылған жоқ. Ұлттық қауіпсіздік құлаған ұшақтың комитеттің  әуе қызметіне тиесілі, борт нөмірі “02” екенін хабарлады.

Құлаған АН-26 ұшағы туралы Azattyq ашық дереккөздердегі мәліметтерді келтіріпті. «АН-26 – “Антонов” конструкторлық бюросында әзірленген Совет одағының әскери-көлік ұшағы. Ол – АН-24 моделінің жетілдірілген түрі. Жүк люгының аузы кең болғандықтан әрі арнайы трап орнатылғандықтан, жерден де, көлік кузовынан да жүк тиеуге ыңғайлы. АН-26 ұшағының АИ-24ВТ турбиналы-винтті екі двигателі бар және бір қосымша реактивті двигателі бар»,-деп жазды Azattyq.

2012 жылы құлаған АН-72 ұшағы «Антонов» кешенінде АН-26-ны ауыстыру мақсатында құрастырылған Кеңестік әскери-транспорт ұшағы болатын.

Тәуелсіздік жылдары ішінде әскери салада осымен үшінші әуе апаты болыпты. Себебін құзырлы орындар анықтай жатар. Бәріне күйе жақпаспыз дегенмен Кеңес заманының қалған ескі-құсқыны атадан қалған мұрасындай сақтау қаншалықты дұрыс?! Ескінің аты ескі емес пе?

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар