///

Қазақстанның сыртқы қарызы қауіпті ме?

2297 рет қаралды

Еліміздің сыртқы қарызы. Ол туралы ақпарат кейде манипуляция, кейде жартылай шындық, ал кейде шындық түрінде  жиі тарап жатады. Дегенмен, 2021 жылғы бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет Азия Даму Банкінен қарыз алғаны белгілі. Ал, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің сыртқы қарызы Жалпы Ішкі Өнімнің 30%-ін құрайтынын, яғни бұл қауіпті емес екенін мәлімдеді.

Ұлттық банктің ресми сайтында да еліміздің сыртқы қарызы туралы ақпаратты табуға болады. Дегенмен, бюджеттің жыртығын жамау үшін қарыз алып отырған үкіметтің әрекетіне қарап, қоғамның  сыртқы қарызға күдікпен қарауы заңды секілді.
Экономист Мақсат Халықтың дерегінше, ЖІӨ-нің 30%-не тең сыртқы қарыз – тек үкіметтің ғана қарызы. Бұдан басқа да қарыздар бар. Экономистің пікірінше, олардың да салмағын ескеру керек. Осы және ел экономикасындағы өзге де маңызды мәселелер туралы Мақсат Халықтың Minber.kz сайтында берген  сұхбатында сөз болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар