///

Ханзада Есенова, Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының басшысы: Біз бұл тендер туралы енді естіп отырмыз

4425 рет қаралды
Сонымен жұртты шулатқан Шымкенттегі Наурыз тойына бөлінген 565 миллион теңге туралы Шымкент қаласы әкімдігі түсінік бергендей болды. Күні Шымкент қалалық Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ханзада Есенова және Шымкент қаласы Мәдениет үйінің директоры Сәкен Майғазиев мәселені түсіндіру үшін арнайы келген екен. Брифинг тікелей эфирде өткізілді, кейін эфир Шымкент қалалық Ақпараттық коммуникациялар орталығының фейсбук парақшасында сақталды.
Толығырақ:
https://www.facebook.com/ako.shymkent/videos/511404393352387
Ханзада Әзімханқызы журналистің осы 565 миллион теңге туралы сұрағына Берген жауабында:
– Бұл ақпарат дұрыс емес, – дейді. Оның айтуынша қалалық Мәслихаттың  Мәдениет басқармасына бөлген жылдық бюджеті – 572 миллион теңге екен. Ал Наурыз тойына 213 миллион теңге бөлініпті. Оның өзінде Мемлекеттік сатып алулар порталы берген ақпараттағыдай алты шара ғана емес, 103 шара жоспарланыпты, Наурыздың 14-інен  24-іне дейін.
Ал Сәкен Майғазиев “блогерлер мәселенің анық қанығын білмей даурықтырып әкетті, журналистер істің ақ-қарасын тексерер еді” дей отырып  айтысты өткізу лотын жеңіп алған “Quraq Group” тек жиһаз жасаумен ғана айналыспайды екен, сонымен қатар олардың мәдени шараларды ұйымдастыруға да лицензиясы бар екен.
https://youtu.be/zoXTp1O0aD8
Алайда “Zertteu-Research” қоғамдық қорының сарапшысы Ғалымжан Оразымбетов мемлекеттік сатып алулар порталындағы ақпаратты ешкім қолдан жасай алмайтындығын айтады және бұл заңды құжат дейді.
Бұл ақпаратты бұған “Мінбер” сайты да жазған еді. Біз тапқан алты келісім шарт мемлекеттік сатып алулар порталында өзгеріссіз әлі тұр. Келісім шарттардың мәртебесі – әрекет етеді.
Біз Мәдениет басқармасы төрайымының жылдық бюджеті туралы ақпаратын тексеру үшін тағы да мемлекеттік сатып алулар порталына жүгінеміз. Ондағы мәліметтер бойынша, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бір жылдық жоспарына үңіліп көрдік.
Тек қазірдің өзінде үш миллиард теңгенің келісім шарты жасалған.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар