Бұл туралы Мінбер.кз тілшісіне «Jetisy media» орталығының өкілі хабарлады. Соңғы тәулікте өңірде 220 адам вирус жұқтырса оның пайызға шаққандағы өсімі 1,6% – ды құрады.
Жалпы 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, өңірде барлығы 13697 адам вирус жұқтырса, оның ішінде 6492 адамда симптом бар. Облыста ең көп сырқаттанған адам Талдықорғанда тіркелсе (3526 адам) Текелі қаласында (750 адам) корона вируспен ауырған. Ал аудандар бойынша сырқаттанған адам саны Көксуда – 514 адам, Қараталда 541– адам, Ескелд і – 447 адам, Панфилов ауданында – 898 адам, Ақсуда – 242 адам.
Парақшамызға жазылыңыз