Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының, зекет пен підияның мөлшері анықталды.
Биыл пітір мөлшері 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Төралқа мәжілісінде тарауық намазында санитарлық талаптарды сақтай отырып қысқа сүрелер оқу, ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында өткізу, Рамазан айында Құран хатым жасайтын топтар құрып, жамағатты сауапты істерге жұмылдыру жағына басымдық беру туралы айтты. Сондай-ақ Батыржан Мансұров қасиетті айда онлайн және тікелей эфирде бірнеше жоба ұсынылатынын жеткізді.
Еске сала кетсек, биыл Рамазан айы діни күнтізбе бойынша 14 сәуірде басталады. Қасиетті Қадір түні мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түніне сәйкес келеді.
Ал Ораза айт мерекесі 13 мамырға белгіленген. Күллі мұсылман қаымы үшін қасиетті мереке болып саналатын Құрбан айт 20-22 шілде аралығында тойланады.
Дереккөз: https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2021-04-02/35617-biyl-pitir-molsheri-420-tenge-bolyp-belgilendi-foto/
Парақшамызға жазылыңыз