/

Алматы облысы «World skills» чемпионатына дайындалуда

1384 рет қаралды

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатындағы тапсырмасына сәйкес «Жас маман» жобасы жүзеге аса бастағаны белгілі. Ол жоба барысында еліміздегі колледждердің материалдық-техникалық базасын халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтау, сұранысқа ие мамандықтарды жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу жоспарланған. Сондай-ақ Республикалық және Халықаралық World Skills чемпионаттарына студенттерді дайындау барысында шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын қолдау, жұмыс дағдысы мен тәсілдерін жаңғырту да осы жоба барысында жүзеге асып келеді.

Алматы облысында осы жоба шеңберінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің оқу-өндірістік базасы жаңартылып сұранысқа ие 100 мамандыққа    қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды. ІТ және құрылыс, коммуналдық шаруашылық бағыттары бойынша оқу кабинеттері мен шеберханалары жаңа технологиялармен толықтырылды. Енді студенттер желілік құрылғыларды консольде де, графикалық интерфейсте де басқаруды үйренеді. Политехникалық колледж директоры Ерқат БИҒАЛИҰЛЫНЫҢ айтуынша, жаңа материалдық-техникалық база еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға мүмкіндік береді.

World Skills жаттығу лагері

Колледждерді жаңғыртуға арналған жабдықтар тізімі жергілікті атқарушы органдар мен колледждердің ұсынысына, жұмыс берушілердің талаптары мен World Skills стандарттарына сәйкес жасалады. Нәтижесінде Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде World Skills жаттығу лагері құрылып, әртүрлі деңгейдегі World Skills чемпионаттарына қатысушыларды дайындауға және сертификаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Басты оқу корпусының үшінші қабатында және оқу-өндірістік шеберханаларында  ІТ және құрылыс, коммуналдық шарушылық бағыттарына арналған World Skills жаттығу лагері орналасқан. Онда ІТ бағыты: «Web-дизайн және әзірлеу», «Прототиптеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Бизнеске арналған IT-шешімдер», «Электроника», «Инженерлік графика Cad», «Заттар интернеті», «Бейнемонтаж», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Ақпараттық қауіпсіздік», «Баспа технологиясы» бойынша чемпионатқа дайындайды.

Айта кетейік, Алматы облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің базасында «World Skills Taldykorgan» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өткен болатын. 18 компетенция  бойынша облыстағы  15 колледжден 99 білім алушы қатыстқан чемпионатта Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенттері 16 құзіреттілік бойынша жүлделі орын алды. Қазір олар    Республикалық «World Skills  Kazakhstan» чемпионатында дайындық үстінде.

Парақшамызға жазылыңыз

Назым Дутбаева

2000 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп, 2000-2002 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
2002-2005 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде тілші, 2005-2006 жылдар аралығында Қазақстан телеарнасында редактор, 2007-2018 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім редакторы болып қызмет атқарды.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар