///

49 миллионға салынған жол сәуірде тәуір болады деп еді, шаңы аспанға шығып әлі жатыр

4928 рет қаралды
Алматы облысы, Ескелді би ауданы, Матай Байысов ауылы, Байсейітова көшесі

Естеріңізге сала кетсек,  наурыз айының 27 күні  жарияланған мақалада Ескелді ауданында 49 миллион теңгеге салынған жолдың сапасы сын көтермейтінін айтқан едік.  Ескелді ауданы, Байысов ауылы, Байсейтова көшесіндегі тас жол 2020 жылдың тамыз айында зертханалық сынамадан өтіп, 28 күні қолданысқа берілген.Бірақ көктем келісімен қармен бірге еріп жатты.

«2 жылға арналған кепілдігі бар «Жетісу Жол Құрылыс» компаниясына біздің тараптан қызметтік хат жолданды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты әлі жөндеу жұмыстары басталған жоқ, бірақ сәуір айының 10-на  дейін өңдеу жұмыстары жасалып бітеді деп жоспарлап отырмыз.» – деген болатын Ескелді ауданы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Самат Абдрашоович.

Бүгін Мінбер сайтының тілшісі Байысов ауылы, Байсейтова көшесіне барып мән жайды өз көзімен көріп қайтты.

 

«Ешқандай мердігерлік компания келген жоқ, бұл жол сол қалпы тұр. Шаңы аспандап, тастары ұшқан қалпы.»-дейді ауыл тұрғыны Сертайұлы Мағай.

Толық ақпарат алу үшін қайта Ескелді ауданы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аттандық:

«Біз өз тарапымыздан «Жетісу Жол Құрылыс» компаниясына қызметтік хат жолдадық. Хатта Сәуір айының 10-на  дейін өңдеу жұмыстарын жасап бітуін сұрағанбыз. Бізге «Жетісу Жол Құрылыс» компаниясы жауап берді. Ол өз жауабында жөндеу жұмыстарын 2021 жылдың мамыр айының 31 күні бітіретінін  айтты» дейді Ескелді ауданы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Самат Абдрашович. 

Енді бір жарым айдан кейін жұмыс нәтижесімен сіздерді тағы да таныстыратын боламыз.

Арайлым Нұржанқызы, 

Алматы облысы, 

Ескелді би ауданы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар