//

Тролль дегеніміз не?

5891 рет қаралды
постер авторы: Светлана Раздора

Интернет пайда болғаннан кейін пайда болған ұғымдардың бірі – тролль, троллинг. Көп адам мәні мен мағынасына үңіле бермесе де, бұл сөз интернет пайдаланушылар арасында кеңінен таралған.

постер авторы Светлана Раздоба

Тролль (швед. troll — сиқырлау, алдау) — скандинавия мифологиясында кездесетін, ерекше құбыжық. Аңыз бойынша бұл құбыжық тау тасты паналайды, басты жауы адам. Тролль туралы аңыздар Скандинавияда пайда болды. Олар өте ірі әрі сиқырмен айналысатындығымен қорқынышты еді. Қазақ аңыз ертегілерінде бұл дәу перілерді еске түсіреді. Тролльдер негізінде қамалдарда, жер астындағы сарайларда өмір сүрді. Тролльдар — құбыжық, үштен сегіз метрге дейін ұзын (көлемі өзгеріп тұруы да мүмкін), мұрны өте үлкен. Жартастарда туады, күн көзінде тасқа айналып кетеді. Қорегі адам еті. Сонымен қатар, үңгірде немесе көпір астында өмір сүретіндері болады.

Тро́ллинг — желідегі қарым-қатынас барысындағы әлеуметтік арандатушылық пен мазақ ету формасы. Бұл адамдар негізінен желіде аса танымал болуы мүмкін немесе ешкім білмейтін аноним тұлғалар болуы да кәдік. Троллингке бір сөзбен анықтама беру қиын. Оған жақын түсініктер —  арандату, азғыру, қоздыру, яғни саналы түрде алдау, жала жабу, ұрысты қоздыру, жөнсіз әрекеттерге шақырады.

“Троллинг” термині виртуалды қауымдастық мүшелерінің сленгісі, ғылыми дискурсқа тікелей қатысы жоқ. Ағылшын тілінен сөзбе сөз аударғанда қармақпен балық аулау деген ұғымды білдіреді. Негізгі беретін мағынасы виртуалды коммуникативті ресурстарда арандатушы хабарламаларды жариялау процесі. Мақсаты интернет қауымдастықтың этикалық кодексінің ережелерін бұзу. Ондай әрекеттерге хабарламаларды, тақырыптарды, жаңалықтарды постмодерациядан өткізу, флейм (ағылшын тіліндегі flame сөзінен — от, жалын мағынасын береді), «холивар» (ағылшын тіліндегі holy war  сөзінен  — қасиетті соғыс деген мағынаны береді) —  мән мағынасыз қарсылықтар.

Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігі троллинг сөзін 1992 жылы қолданған әрі оны интернетпен байланыстырады. Олар бұл сөздің жоғарыда біз айтқан екі түрлі шығу тегін ұсынады: мифтік және балық аулау.

постер авторы: Светлана Раздоба

ХХІ ғасырдың басынан бастап, интернет-тролльдер өз желілері мен қауымдастығын құра бастады. Олардың мақсаты адамдар арасындағы шиеленісті тудырудың барынша тиімді тәжірибесін бөлісу болды. Академиялық әдебиетте троллинг сөзі алғаш рет 1996 жылы қолданылған. Джудит Донат  желідегі  Usenet конференциясынан бірнеше мысалды пайдалана отырып, зерттеу жасаған. 

Донат троллингті әдейі өтіріктерді ойлап табатын әрекет ретінде сипаттайды. Ол “өзгелерге” деген сенімді азайтып, өшпенділікті тудырады.

 
 
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар