//

Оңтүстіктен Солтүстікке: Өңірлік квота 11,1% пайызға ғана орындалған

4625 рет қаралды

Бүгінгі таңда оңтүстік пен солтүстік аймақтарда теңсіздіктің орын алып отырғаны жасырын емес. Оңтүстікте халық саны жыл санап көбейсе,  солтүстікте керісінше тұрғындар саны жыл санап кеміп, бірқатар ауылдар қаңырап бос қалып жатыр.

 Жылдағы науқан бойынша, Солтүстік Қазақстаннан Түркістан облысына биыл да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысымен  Халықты жұмыспен қамту орталығының басшылығы келген екен. Осы орайда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген делегация басшылығына өз ұсынысын алдыға тартқан  қоғам белсендісі, сарапшы журналист  Рүстем Есімханұлы Ашетаевтың Facebook парақшасындағы жазбасын оқып, онлайн сұхбаттасуды жөн көрдік.

– Рүстем Есімханұлы, Facebook парақшаңызда «Қостанай облысы,  Солтүстік Қазақстан облысы және Павлодар облысынан үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге келетін  делегацияның тізімінде Шымкент қаласы болмады» деп жазыпсыз. Делегацияны жоспардан тыс, Шымкент қаласына шақыртуды қалай ұйымдастырдыңыз?

– Үш облыстың делегация басшыларын тауып алып, Шымкент қаласына да үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұсындым.

Түркістан облысының тұрғындарының 30%-ға жуығы аудандарда тіркеуде тұрғанымен, Шымкент қаласында жұмыс істейді. Нағыз үй алғысы келетіндер мен өз кәсібін бастағысы келетіндер осылар. Бірақ, аудандарда жасаған үгіт-насихаттардың қалада тұрақты-тұрақсыз жұмыс істеп жүрген азаматтарға жетпейтіндігін түсіндірдім.Өкінішке орай, делегация тек облысқа келгендіктен Шымкент қаласында іс-шаралар өткізу жаспарларына енбеген екен. «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығымен Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе, Шымкент қаласында және аумағындағы аудандарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырды.

– «Еңбек» бағдарламасына қатысу үшін қоныс аударушылар қандай құжат жинауы қажет?

– Бағдарламаға қатысу үшін өтініш білдірген кезде:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері.
  2. Отбасы құрамы туралы мәлімет.
  3. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін (ауылдық әкімдердің анықтамасы), уақытша тіркелгенін растайтын құжаттың көшiрмесi.
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда). Немесе еңбек жолын растайтын құжат (жұмыс істейтін тұлғаларға).
  1. Бiлiмi туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом) және/немесе оку курстарынан өткенін растайтын басқа да құжаттар (куәлік, сертификат) болған жағдайда.
  2. Келу өңірі бойынша жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үйдің болмауы жайында анықтама (кызметтік үй берілуі үшін) құжаттары ұсынылады.

– Оңтүстік өңірден солтүстікке қоныс аударушыларға қандай жағдай жасалған?

Оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аударған отбасының әр мүшесіне биылғы бір реттік төлем 102 мың теңгеден асады. «Еңбек» бағдарламасы арқылы солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Биыл оған бюджеттен 2 млрд теңгеден аса ақша қаралған. Тұрғындар Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аудара алады. Онда баспана жалдап, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен бастап ақша беріледі. Қалада тұрушыларға 58 мың теңге, ауылға қоныс аударушыларға ай сайын 43 мың теңге аударады. Биыл 2 мың отбасын көшіру жоспарланған.

– Қоныс аударушыларға Солтүстіктен баспана алу қиындық тудырмай ма?

– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысына  биыл, 2021 жылға 714 үй салу жоспарланып отыр. Баспана мәселесі бойынша, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі ЖАО, жұмыс беруші және “Еңбек” бағдарламасына қатысушы арасында 20 жыл мерзімге тұрғын үй бере отырып, жалға алу шарты жасалады.

   20 жылдық мерзім аяқталған соң “Еңбек” бағдарламасына қатысушы тұрғын үйді жекешелендіру шарттарынан бас тартқан жағдайда жалға алу шарты ұзартылады.

Әлеуметтік келісімшарт шарттары сақталған жағдайда, бес жыл тұру мерзімі аяқталған соң “Еңбек” бағдарламасына қатысушының мынадай талаптарда:

1) сатып алынған кездегі тұрғын үйдің баланстық құнынан қалған соманы біржолғы төлеммен енгізуді (5 жылдан кейін);

  2) қалған соманы келесі он бес жыл ішінде тең үлестермен енгізуді (бұл ретте тұрғын үйдің құны бюджетке толық өтелгенге дейін ол қатысушының меншігіне әділет органдарында жылжымайтын мүлік ауыртпалығы салынып беріледі) сақтау шартымен тұрғын үйді жекешелендіруге құқығы бар.

 “Еңбек” бағдарламасына қатысушылардың нақты тұрған кезеңінде төленген жалға алу төлемдерінің бұдан бұрын енгізілген сомалары тұрғын үй құнының есебіне қосылады.

– Баспанамен жұмыс мәселесі аса қиындық тудырмайтын, қоныс аударушыларға да қолайлы аудандарды айта кетсеңіз?

– Қоныс аударушыларға қолайлы деп, Ақжар ауданын айта аламын. Жер көлемі 8 000 га шамасында, тұрғындар саны 15436, 24. Ауылда 25 мектеп бар, тұрғындарының 78 пайызы қазақ. Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан аудан.

Қоныс аударып барушыларға жеке үй беру мүмкіндіктері ұсынылады. Екі жыл ішінде ауданда қоныс аударушыларға арнап 65 үй тұрғызылған, соның 30 бос тұр екен. Төрт балалы отбасы көшетін болса, көшіп қону шығыны үшін әр адамға 204 мың тг, жалпы 1 миллион 200 мыңнан аса қаражат бірден беріледі. Жұмыс табу мәселесі де қиындық тудырмайды, 60 бос орын бар. 

– Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының жоспары қанша пайызға орындалды?

Былтыр квота 78.1% орындалған. Ал биыл өңірлік квота 11,1% – қа орындалды. Оның ішінде Түркістан облысынан 1860 адам (393 отбасы) және Шымкент қаласынан 329 адам (69 отбасы).

Еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың жалпы санынан (3228 адам) 2523 азаматқа жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары көрсетілді, оның ішінде  78,1%  еңбекке қабілетті азаматтар тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Назерке Сексенбайқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар