“Мінбер” ақпарат агенттігінің фейсбук парақшасында “Тұрғын үй кезегі: Бірыңғай базадағы түйткілдер” атты тікелей эфир өтті. Эфирге ҚР Индустрия және инфрақұрылым министрлігі Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы Комитетінің Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастарын дамыту басқармасының бас сарапшысы Балтин Данияр Нурланулы; Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Балықбаев Абылайхан Әлібекұлы; “Талбесік” көп балалы аналар одағының төрайымы Ләззат Қожахметова және “Шаңырақ” көп балалы отбасыларды қолдау орталығының консультанты Қымбат Булкаирова қатысты. Сонымен қатар, үй кезегінен шығып қалған, үй кезегі жылжып кеткен аналар қатысып, өздерін толғантқан сауалдарына жауап алды. Тікелей эфирді тамашалаңыз:
Жоба MediaCAMP Internews Орта-Азиялық бағдарламасы аясында АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттік (USAID) қолдауымен жүзеге асырылады.
Парақшамызға жазылыңыз