///

Қытай елшілігінің алдында – 100 күн. Аналар Қытай түрмелеріндегі жақындарының босатылуын талап етеді

4143 рет қаралды

Қытай түрмесінде қамалған туысқандары мен жақын бауырларына араша сұрап, босатуын талап еткен аналардың  Алматыдағы Қытай елшілігінің жанында наразылық акциясына шыққанына – 100 күн.

Жақындары туралы 100  күннен бері хабар ала алмай жүрген  бір топ ананы  Қытай елшілігінің жанына жақындатпақ түгілі, құқық қорғау органдарының адамдары алыстан-ақ торуылдап әуре. Осы орайда, өзін Алматы қалалық әкімдігінің өкілімін деп таныстырған Рита есімді мемлекеттік қызметкер, наразылық  шарасын ұйымдастырушы аналардың ортасына шығып: «Мұндай қарсылық шарасын немесе митинг өткізетін болса, алдын-ала әкімдікке хат жазып, барлық заң талабын сақтай отыра, әкімдік рұқсат етсе ғана шығу керек» екенін ескертіп, бұл наразылық акциясының заңсыз екенін тілге тиек ете, аналардың тарқауын өтінді.

Аналардың ортасында, Қытай түрмесіне қамалған бауырына бостандық сұрап, ақпан айынан бері күнделікті наразылық акциясына шығып жүрген Байболат Күнболаттың әкімшілік өкіліне «егер тарап кетсек, ешқандайда жаза қолданбай ма?» деген сұрағы жауапсыз қалды.

Ашынған аналар «егер Қытай туыстарымызды босатпаса, күнде келеміз. Осылайша талап етуімізді тоқтатпаймыз» дегенмен,  Құқық қорғау органдарының адамдары наразы топтың барлық мүшесін машинаға салып, Медеу аудандық полиция  бөліміне апарды. Нәтижесінде, 6  адамға 60 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар:

  1. Қосдаулет Гүлнұр
  2. Өмірәлі Гүлбаран
  3. Ермекбай Нұрзат
  4. Қазыбек Гүлпия
  5. Қалиолла Ақиқат
  6. Жәмила

Сондай-ақ, екі адамның ісі қысқартылды. Бірі, алпыстан асқан ана Ақытқан Халида болса, екіншісі Күнболат Байболат.

Назерке Сексенбайқызы

Сурет және видео автордыкі 

Видео монтаж Айғаным Айтақын

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар