//

Әуежайда қамалған қандастың мұңы немесе оралман десе де, қандас десе де не өзгерді?

1982 рет қаралды

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты әуежай шегара қызметі жанынан Н. Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда заңсыз 7 күн ұсталып,7 күн бойы орындықта түнеген қарындасымыз Надия кеше түнде әуежайдан босап шықты. Қазақстанда әуежайды түрмеге айналдырған бұл бірінші жағдай емес. Еш негіз жоқ шыққан нормалармен ережелердің кесірінен Қазақстан әуежайында соңғы 20 жыл бойы шетелден келген Қазақтардың біразының көз жасы төгілді, – деп жазады фейсбук қолданушысы Мұратхан Серік. 

Қазақстанда тұрақты тіркеуі бар, Қазақстан Республикасының ықтияр хатын алған, бұрын оралман, қазір қандас деген заңды статусы бар этникалық Қазақтар өзге елге шықса,қайтып бір ай толмай оралмау керек екен. Егер оралған жағдайда әуежайда “жазасын өтеуге”, болмаса ұшып келген үшінші, не төртінші елге қайтарылуы  тиіс екен!!!!

–  Өздерін “көші-қонның атасы” санайтын, оралмандарға көсем болғысы келетін, ұлттық кеңестің мүшесі болып жүрген, нағашысына хат жазғыштар “Қандас” деген атты өзгерткенше этникалық қазақтың көз жасына қалған бапты өзгерткенде бұндай жағдай болмас еді, – дейді ол ашынып. 

(Оралман десе де, қандас десе де, аталас десе де не өзгерді?)

Желі қолданушысының жазуы бойынша мәселенің шешілуіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өкілі Рахым Айып және аталған ұйымның бұрынғы қызметкері Ботагөз Уатхан қол ұшын созған екен.

Ал, депутат Қазыбек Иса өз фейсбук парақшасында “Ақ жол” фракциясының депутаттары қандастың әуежайда қамалуына түрткі болған Қаулы жайлы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің төрағасы Дархан Ділмановқа депутаттық сауал жолдағанын айтады.

Бақсақ бақа екен демекші, 2020 жылы 11 мамырда карантиндік шектеулер уақытында ҚР-ның шекарасынан өту ережесі бекітілген. Осы Ереже бойынша ықтиярхаты бар шетел азаматтары шегарадан шыққаннан кейін 30 күннен кейін қайта кіре алады деп көрсетілген екен.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар