///

Мүгедектігі бар жандар бүгін жауап алды: Жәрдемақы өспейді

2576 рет қаралды

Осыған дейін сайтымызда баяндағанымыздай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғимаратының алдына мүгедектігі бар адамдар бүгін, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тағы да сол жерге жиналды. Қойып тұрған талаптары алдыңғыларымен барабар. Бүгін аса назар аударғандары – мүгедектік тобы бар адамдарға жәрдемақы мөлшерін арттыру.

Жиналғандар арасында мүгедектігі бар адамдар, оларды қолдап келген азаматтық белсенділер байқалды.

Нұрлан Алтыбаев, 3-топ мүгедектігі бар адам: «Біз мұнда келіп тұрған себебіміз – Үкіметке көрсетіп жатқан наразылығымыз. Біз деніміз сау кезінде, жас кезімізде, денсаулығымыз болған кезде Үкімет бізді пайдаланды. Біз механизм сияқтымыз: бізді пайдаланып, енді мүгедек болғаннан соң, бізді ысырып тастады. Қазіргі беріп жатқан жәрдемақының түрі 35-ақ мың теңге. Чехия, Эстония, Латвия сияқты дамыған мемлекеттердегідей, біз демократиялық, бай ел болғандықтан, соларда сияқты жәрдемақымыз 400 евродан төмен болмауы керек».

Іс-шара қатысушыларына Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан кеңесші Әділет Закиев жауап берді: «Мен Сіздерге бұдан бұрын бірнеше рет түсіндіргенімдей, зейнетақы, жәрдемақы мөлшері арттырылмайды. Бұл бюджетке қатысты сұрақтар. Қазіргі уақытта бюджетте бұған қаражат жеткіліксіз. Алайда заң аясында әлеуметтік салада үлкен жұмыстар жүргізілуде, қосымша қаражат бөлінуде. Бірақ, Сіздер талап етіп тұрған мәселелеріңіз – жәрдемақыны көтеру – болмайды».

Жанар Байтілес,

Нұр-Сұлтан қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар