///

Елорда тұрғындары мен қонақтары сабантойға барып қайтты

2454 рет қаралды

Жақында таяуда ғана ашылған елорданың жаңа Demalys Promenade жаяу жүргіншілер алаңында сабантой тойланды.  

Сабантой – бұл түркі тілдес халықтарының салт-дәстүрі, әндері мен рәсімдері ұштасатын еңбек пен береке-бірлік мерекесі. Сабантой бұрын егін егілер кезде, ал қазір егіс жұмыстары аяқталғанда тойланатын ұлттық, көнеден келе жатқан халық сүйер мерекесі.

Той барысында татар, башқүрт халқының ұлттық нақыштағы киімдегі жігіттері мен қыздары алаңның қонақтарын мерекелік бағдарламаға қатысуға шақырды. Келген қонақтардың алаң бойында орналасқан тіл үйірер тағамдарды татуға, қолөнер туындыларын тамашалап, сатып алуға мүмкіндіктері болды. Мерекелік концерт барысында  келген жұртқа неше түрлі тәттілер таратылды. «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының белсенділері Татарстанның Қазақстандағы Өкілетті уәкілінің орынбасары қолынан марапаттарға ие болды. Сонымен қатар Ольга ханым жиналған қауымға Татарстан Президенті Рустам Минниханов мырзаның жолдаған құттықтауын оқып жеткізді.

Бұл мерекелік іс-шараның негізгі бір артықшылығы – көптен көріспеген туысқан, достардың қауышып, танысуға берер үлкен мүмкіндігінің болуы.

Ұйымдастырушылардың атап өткеніндей, бүгінгі мерекені Қазақстан халқы ассамблеясы, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, «КАМАЗ» сауда үйі, «КАМА Казахстан» қолдады.

Мереке қонақтары арасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі – Саяпова Зухра Алеутдиновна да болды.

«Бүгінгі сабантой мерекесінің ұйымдастырушылары – татар-башқұрт мәдени орталығының құрылуы сатысында тұрған адамдардың бірімін. Бұл – сонау ата-бабаларымыздан келген мейрам. Өзіңіз көріп тұрғаныңыздай, біршама халық жиналды. Қазір концерт қойылады. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі», – деп өзінің де райымен бөлісті. Зухра ханым түгел халыққа зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен татуластық тіл еді.

Жанар Байтілес 

Суреттер және видео автордікі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар