///

– Бізді мәжбүрлеуде, – Оралдағы базардың саудагерлері міндетті вакцинацияға қарсы шықты

4139 рет қаралды
1
фото: Азаттық рухы

«Барлығымызды бірдей вакцинациялау дұрыс емес. Біз мал емеспіз ғой. Бұл менің тәнім, қол сұғуға жол бермеймін, өз тәніммен не жасасам да өзім білемін. Адамдарды жұмыстан шығарамыз деп қорқыту арқылы вакцинаға мәжбүрлеуге бола ма екен? Бұл тек менің пікірім ғана емес, көбі осылай ойлайды. Бүгін бізді мәжбүрлесе, ертең біздің балаларымызға да жетеді. Бұлай болатын болса мен баламды мектепке де, университетке де жібермеймін. Мен оны үйге қамап қоямын, бітті. Тексерілмеген вакцинаны сынақ жасайтын тәжірибелік қоян болғым келмейді. Бізді жұмыста вакцина алуға мәжбүрлеуде, одан басқа жұмыстан шығарамыз деп қорқытуда» – дейді сатушы Мүслима Акмамбетова.

Бастапқы көздердің ақпараты бойынша халық «Арбат» деп атап кеткен Дина Нүрпейісова көшесінде орталық базар мен сауда үйлерінің сатушылары жиналды.
«Бүгін олар бізді мәжбүрлеуде, ал ертең вакцинация төлқұжаты болмаса біздің балаларымызды мектепке кіргізбейді. Менің қызым биыл 1-ші сыныпқа барады, бірақ мен қызыма екпе салдырмаймын. Вакцинациядан кейін өзімнің қандай күйде болатынымды білмеймін, бала туралы не деуге болады? Егер менің қызымның жағдайы нашарласа, өліп қалса, кім жауап береді?» – дейді базардың тағы бір сатушысы Наталья Темиргалиева.
Атап өткендей, олардың кейбіреуі екпені жұмыстан шығып қаламын деген үреймен жасатуда. «Мен вакцина алған таныстарымнан сұрадым. Жартысынан кемі өздерін жақсы сезінетіні туралы айтса, қалғандарында жағымсыз әсерлері пайда болған: біреулерінде қант деңгейі көтерілген, біреулерде құрысу пайда болған, комаға түскен. Мен қарсы емеспін, қалағандары, ала берсін. Бірақ, басқаларын мәжбүрлеп қажет емес. ПТР-тестін өз есебінен жасату да дұрыс емес. Бізге оның қажеті жоқ, мен неге оған ақы төлеуім керек? Оны вакцина алмағандар үшін тегін жасасын. Мен оны күн сайын жасатуға әзірмін. Бірақ, ол ақылы, қазір 7500 теңге тұрады, кейін бағасы 17 500 теңгеге дейін өседі, бұл жағдай осыған дейін болған» – деп ашуланды базардағы сатушы Лариса Горбатова.
Базар әкімшілігі міндетті вакцинациялау мәселесі әлі шешілмегені туралы хабарлаған. «Қаулы жаңа шықты, әлі талқыланады. Әкімшілік қызметкерлеріне келсек, олар вакцина алды, ал сатушылар үшін біз жауап бермейміз» – деп нақтылады әкімшілік.

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар