////

Көп балалы отбасылардың балаларына білім гранты бөлінді

3385 рет қаралды
фото: the Qazaq times
2021-2022 оқу жылында көп балалы немесе толық емес отбасылардың, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары грант алу мүмкіндігіне ие болады.
“Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар отбасылардың балаларына 5%, кемінде үш жыл болған толық емес отбасылардың балаларына – 1%, І, ІІ топтағы мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың балаларына 1% — квота қарастырылған. Олардың ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелері шекті баллға сәйкес келуі тиіс”, – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Бұдан басқа, жеңілдікті грантқа жетім балалар мен этникалық диаспора өкілдері (шетелдік азаматтығы бар республикадан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар) ие болады. Қандастарға 4% квота бөлінді.
Әлеуметтік осал топқа, оның ішінде көп балалы отбасыларға жеке білім гранттарын бөлу мәселесін ҚР Президенті жанындағы Ұлттық сенім кеңесі көтерген болатын.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев гранттарды бөлу кезінде талапкердің академиялық жетістіктеріне ғана емес, әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне де назар аударуды тапсырған болатын.
Білім министрлігінің мәліметінше, ең көп грант инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына бөлінді — 17 028 грант. Педагогика ғылымдары – 9 573 грант, ақпараттық–коммуникациялық технологиялар – 7 487, жаратылыстану ғылымдары – 4 088, ауыл шаруашылығы ғылымдары – 1 895, денсаулық сақтау – 2 700, өнер және гуманитарлық ғылымдар – 1 615, бизнес, басқару және құқық – 1 223, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 960.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар