/

Медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі алғашқы қоғамдық комитет жасақтау үшін дауыс беру жүріп жатыр

1494 рет қаралды

Қазақстанда медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі алғашқы қоғамдық комитетін құру үшін үміткерлерден өтінімдерді жинау аяқталды. Редакциялар, қоғамдық ұйымдар, жоғары оқу орындары өз кандидаттарын ұсынды. Өзін өзі ұсынғандар да бар.
Сонымен тіркелген 17 кандидат бар. Қоғамдық Комитетке олардың 9-ы кіреді.

Екінші іріктеу кезеңі – ашық дауыс беру арқылы жүргізіледі. Ол үшін мына сілтемеге басып дауыс беруіңізге болады:  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSclQ-yhdYDEdzvMzSZiz3Azixp7VrC8mP3v9I6K8tGk3e0UFw/viewform

Әрбір дауыс беруші екі маманды –  “медиа” саласынан  бір және  “азаматтық сектор” саласынан бір үміткерді таңдайды.

2 бөлімде бір дауыс арқылы! Яғни: медиа секторында 13 кандидат бар, сіз тек бір кандидатқа дауыс бересіз, азаматтық секторда 4 үміткер бар, олардың ішінен де бір кандидатты таңдай аласыз. Осылайша, көпшіліктің дауыс беруі бойынша медиа тізімінен көп дауыс жинаған алғашқы алты адам қоғамдық комитеттің құрамына кіреді. Азаматтық сектордан  көпшіліктің даусына ие болған алғашқы үш үміткер  медианың өзін-өзі реттеу жөніндегі қоғамдық комитетінің мүшелері болады.

Дауыс беру 22 шілде, бейсенбінің түніне дейін жалғасады. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 24.00-ден кейін түскен дауыстар есепке алынбайды.

Бейжай қалма! Дауыс бер!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар