///

Ауыл әкімдерін сайлау: Түске дейін Еңбекшіқазақ ауданындағы сайлаушылардың мыңы ғана дауыс берген

4349 рет қаралды

Бүгін, 25 шілде  қазақстандықтар аудандық маңызы бар қалалар, ауыл мен кенттер және ауылдық округтердің әкімдерін сайлайды.

Парламент Мәжілісі депуттарын сайлауынан кейін, араға 6 ай салып, жаңғырған саяси науқанның бүгінгі салтанаты ерекше. Себебі, 2021 жылдың 28 мамыр күні  «Қазақстандағы сайлау туралы» конституциялық заңдағы өзгерістердің нәтижесінде, жаңа заң жобасы қабылданып, бюллетеньге “бәріне қарсымын” бағаны енгізілді.

Осы саяси науқанда, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарынан  Ауыл әкімі сайлауының қалай өтіп жатқанын сұраған едік.

Марғұлан, Бәйдібек би ауылының тұрғыны:

–  “Аш құлақтан,тыныш құлақ” деген. Ауыл әкіміне үйреніп қалдық. Өзім соған дауыс бердім. Жаңа әкім кім,қалай болып келетінін білмеймін ғой. Өзіміздің көз алдымызда жүрген әкіміміз жақсы.

“Тәуелсіз бақылаушылар” Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Арайлым Назарова.

–  2019 жылдан бері барлық Сайлауда белсенділік танытудамыз. Бүгінде бақылаушылар,таңғы 05.30 дан бастап, өз учаскелерінің алдында тұрды. Сайлаудың үлкені не кішісі болмайды. Бізге әр сайлау маңызды. Себебі әр сайлау халықтың таңдауын көрсету керек!

Мұратбаев Қанат бақылаушы:

–  Бүгін таңғы сағат  06.00 келіп, бақылаушы ретінде 152 участокқа тіркелдім. Түске дейін 42 ауыл тұрғыны дауыс берді. Акыл тұрғындары өте пассивті. Көңілсіз келіп дауыс береді. Сайлаудың әділ өтуі – азаматтық белсенділігімнің бірі. Сондықтан, заң аясында сайлаудың әділ өтуін басты назарда ұстаудамын!

Дәл қазір,сағат 13.00 ақпарат бойынша Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы 300 мың тұрғыннан дауыс берген ауыл тұрғындарының саны  1050 болды.

Назерке Сексенбайқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар