///

Атырау облысында ауыл әкімдерін сайлауға сайлаушылардың 74,4 % қатысты

3051 рет қаралды

Атырау облысында ауыл әкімдерін сайлауға сайлаушылардың 74,4 пайызы өз дауысын берген. Жергілікті аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше 25 маусымдағы жағдай бойынша сайлау бюлллетеньдерін Атырау облысының 74,4 пайызы алған. (Атырау ауылдық округтерінде 66%, Индерде – 77%, Исатайда – 85%, Құрманғазыда – 71,7%, Жылыой ауданында 80,7%, Қызылқоғада – 85,8%, Махамбетте – 80,8%).

Бұл барлық сайлауға құқығы бар адамдар қатарына енгізілген 44305 адамның 32981-і.

«Атырау облысында ауыл әкімдерін сайлау 18 округте өткізілді. Бюллетенге 52 кандидат енгізілді. Оның 24-і саяси партиялар атынан ұсынылса, 28-і өзін-өзі ұсынғандар. Сайлау 41 елдімекенде өтті», – деп хабарлады облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов. Сайлау учаскелерінде барлығы 175 бақылаушы болды, оның 19-ы бұқаралық ақпарат құралдарынан, 89-ы қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардан, 46-сы саяси партиялардан және 21-і үміткерлердің сенімді өкілдері.

Атырау облысындағы бұл сайлаудың бір ерекшелігі ауыл  әкімі болуға үміткерлердің арасында педагог мамандарының көп екендігі байқалған.

Айта кетейік биыл заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес, алғаш рет ауыл әкімін халықтың өзі сайлады. Қазақстанның жоғарғы билігі мұны “демократияға бастайтын үлкен өзгеріс” деп атаса, сыншылар “кандидаттарға бірдей жағдай жасалмаған, тәуелсіз кандидаттарға кедергі көп” дегенді алға тартады.

Қазір сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүргізіліп жатыр, алдын ала мәлімет бүгін 26 шілдеде сағат 15:00-де белгілі болады.

Ізбасар Қабиев, Атырау облысы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар