Алатау ауданындағы «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылы өз жұмысын бастаған. Күні бүгінге дейін орталықтан он мыңнан аса адам көмек алған. Көмек алушылар көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналар және жалғыз басты әкелер. Қазіргі таңда орталықта «Іскер ана» орталығы да жұмыс жасайды. Яғни 2-5 млн тг. грантын жеңіп алған 12 ана қызмет етеді. Жалпы орталықтың ашылу мақсаты көпбалалылар мен жалғызбасты аналар, әкелер мен мүгедектерге көмек көрсету болып табылады.
«Бақытты отбасы» орталығының психолог маманы Айгүл Бейбітқызының айтуынша, орталықта 33 курс түрі ашылған. Мысалы, қолөнер, кондитерлік курстары, актерлық шеберлік курсы мен тігін курсы т.б. Сонымен қоса көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үшін де вокал, домбыра, гитара, пианино үйірмелері бар. Және бұл курстар мен үйірмелер тегін өткізіледі. Бір жақсысы тек Алатау ауданының тұрғындары ғана емес басқа ауданның да адамдары келіп көмекке жүгіне алады. Курстар мен үйірмелерге тегін қатыса алады. Тек көпбалалы аналар,әкелер, балалар болуы тиіс.
Парақшамызға жазылыңыз