///

Токио олимпиадасы: Алтынға жетуге бір қадам қалды

1246 рет қаралды
фото: olympic.kz

Боксшы Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы жеңісті жолын жалғастыруда. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалға шыққан ол Olympic.kz сайтына жекпе-жекті қорытындылап берді.

“Жекпе-жек оңай болған жоқ. Қарсыласым өте мықты боксшы. Бұған дейін екеуіміз екі мәрте рингте кездескенбіз. Есебіміз – 1:1. Кейінгі жарыста мен оған жол берген едім. Сондықтан осы жолы кеткен есемді қайтаруға шықтым. Жеке бапкерімнің жоспарын дұрыс орындап жеңіске жеттім. Елді ары қарай қуанту үшін бар күш-жігерімізді саламыз.

Жеке бапкеріммен қарсыласымды жіті зерттедік. Ол жалғыз соққы көп жасайды, сондықтан қарымта соққылар жасау керек болды. Жақын қашықтықта тұрмау, жылдам жұдырықтасу деген жоспар қойылды. Соны орындап шықтым.

Олимпиадада бәрі бар күш-жігерін салып жатыр. Сондықтан оңай болып жатқан жоқ. Соңғы раундта шаршадым, бірақ артымда 18 миллион қазақ халқы сенім артып отырғандықтан бар-күш жігерімді салдым.

Келесі қарсыласым Эскобардың жекпе-жектерін көріп жүрмін. Бірақ шаршы алаңда кездескен жоқпыз. Жеке бапкеріммен жоспар құрып, жеңіске жетіп, елімді қуантамыз, – деді боксшы.

Айта кетерлігі, оның ширек финалдағы қарсыласы испаниялық Габриэль Эскобар. Қос боксшы 3 тамыз күні жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салады.

www.olympic.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар