//

Қамшыбек Қоңқабаевтың медаль алуға мүмкіндігі жоғары

3496 рет қаралды

Қамшыбек Қоңқабаев Токио-2020 Олимпиадасында бокстан жартылай финалға шығып,  алғашқы жүлдені қоржынға салды, оның кем дегенде қола медальі бар.

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, 91 кг салмақтан жоғары ширек финалдық кездесуде ресейлік Иван Верясовті жеңді. Бірінші раундта Қоңқабаевқа барлық төрешілер дауыс берді, соңында 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Алдағы уақытта боксшымыз финалға шығуы үшін кубалық Дайньеро Пероны ұтқан американдық Ричард Торреспен кездеседі. Ал егер осы жекпе-жекте жеңіліс тапса, қола медаль алады.

Еске сала кетейік бұған дейін айқасқа шыққан әлемнің вице-чемпионы 75 кг салмақ дәрежесіндегі Әбілхан Аманқұл бразилиялық Эрберт Соузодан ширек финалда ұтылып, Олимпиада медалінен қағылды.

Сондай-ақ финалдық жекпе-жек үшін тағы екі қазақ боксшы Сәкен Бибосынов пен (52 кг) Зәкир Сафиуллин (63 кг) рингке шығады. Біздің боксшыларымыз ендігі өнерлерін олимпиада кестесі бойынша 6,7,8-ші тамыз күндері көрсетеді.

Ізбасар Қабиев

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар