//

Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші тұғырынан алынды

2694 рет қаралды
1
фото Қанат Әбілқайырдың фейсбук парақшасынан алынды
Алматы облысында ақынның құрметіне қойылған ескерткішке өзгертулер енгізіледі, деп хабарлайды ЭК.
Райымбек ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұқағали Мақатаев ескерткішіне қатысты даудан кейін облыстан арнайы комиссия келіп тексеріс жүргізген. Тексеріс барысында ақынның мүсініне қатысты пропорциялық ақаулар анықталыпты.
“Ескерткіштің тұғырына биіктік қосылатыны бұған дейін жоспарланған болатын. Ал мүсініне келсек, пропорциялық ақаулар анықталды. Бірнеше сантиметрге ауытқыған. Түзету үшін мүсін ескерткішті жасаған авторларға қайта берілді. 15 күннің ішінде ескерткіш орнына қайта орнатылады”, — деді Қадыржан Сабырақын.
Ақиық ақынның 90 жылдық мерейтойына орай Нарынқол ауылында 61 миллион 826 мың теңгеге ескерткіш тұрғызылған болатын. Бірақ Мұқағалидың мүсініне қатысты сыни пікірлер әлеуметтік желіде дау туғызған еді.
Ержан ШАЙЖАНОВ, 
дереккөз: Экспресс К
Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Ескерткішті жасар алдвнда арнайы комиссия құрылу керек еді. Сол комиссияның ұсынысынан кейін жасалса мұндай дау болмайтын елі. Аяғының қысқалау екені қарапайым көзге де көрініп тұр ғой. Сонымен бірге алдын шығысқа емес, қазақ еліне қаратса дұрыс болар еді.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар